Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Шымкент тұрғындары саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

31 мая, 2022
in Мәдениет, Әлеумет
0
Шымкент тұрғындары саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкенттегі «Қасірет» мемориалында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті деп хабарлайды saraptimes.kz. Ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы бір минут үнсіздікпен басталды. Қала әкімі мен зиялы қауым өкілдері «Ана мен бала» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Бұл жылдағы дәстүр. Мемлекет басшысы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде» Жарлыққа қол қойғаннан кейін боздақтарды ақтау ісі жанданды. Арнайы құрылған комиссия өкілдері архив беттерін ақтарып, зерттеу жұмыстарын әлі жүргізіп жатыр. Себебі «ерлердің алдындағы борышты өтеу, азаматтық міндетіміз» дейді олар. Шыңғыс Мұқан, қала әкімінің бірінші орынбасары: – Шымкент қаласы бойынша да комиссия құрылып, бір жылдан астам уақыт жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда 6 мыңға жуық архивтерде жатқан құжаттарды ғалымдар зерттеп, бұрын 90 жылдары ақталмаған азаматтарды қайтадан тауып, республикалық комиссияға жолдауға дайындалып жатыр. Әділбек Сұлтановтың атасы түрлі қызметтерді атқарып, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған. 1937 жылы сол кездегі Қызылқұмда қуғынға ұшырап, қамауға алыныпты. Бүгінгі еске алу шарасына ерекше ризашылығын білдірді. Әділбек Сұлтанов, қуғын-сүргін құрбанының ұрпағы: – Бәріміз мынандай іс-шара болмаса да, осы жерге келіп құран оқитын едік. Мен қазіргі күндегі мынандай жұмыстарға өте ризамын. Солардың рухтарына бағышталған барлық әрекеттерге ризамын. Алла разы болсын. Репрессияның екі жарым мыңдай құрбаны жазықсыз атылған орында қазір «Қасірет» мемориалы тұр. Құрбан болған боздақтарды еске алуға арналған «Темір тор», «Қара гранит тас» сияқты ескерткіштер қойылған. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданды. Ал, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ 31 мамыр – саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады. Жалпы, зерттеушілер деректеріне сүйенсек, 1927-53 жылдары Қазақстан бойынша 125 мыңнан бастам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды. Осы қуғын сүргін жылдарында бүкіл елде 953 лагерь болған. Қазақстанда ГУЛаг-тың 20-дан астам лагері орналасқан. Тәуелсіздік жылдары аралығында 146,5 мың күнәсіз жазғырылған отандасымыздың аттары жазылған 14 «Аза кітабы» жарыққа шықты. Заңнамаға сәйкес, 340 мыңнан астам заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар ақталды.

Алдыңғы жаңалық

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

Келесі жаңалық

Көлік компанияларына талап күшейді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі