Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Көлік компанияларына талап күшейді

31 мая, 2022
in Экономика
0
Көлік компанияларына талап күшейді
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Қалада жол инфрақұрылымын дамыту, жолаушылар тасымалдау қызметі сапасын арттыру бағытында жүйелі іс-шаралар жүргізілуде. Қоғамдық көлік бағыттары кезең-кезеңімен жаңа автобустармен толығып, жол жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов @akimat_shymkent инстаграм парақшасында өткен тікелей эфир барысында айтты.

«Шымкент қаласындағы қоғамдық көлік компанияларына қойылатын басты талап – бәсекеге қабілетті болу. Қазіргі таңда жолаушылардың талабын орындамайтын тасымалдаушылармен келісімшарт бұзылады. Шаһарда автобустарды жаңартып, аралық интервалды сақтау, қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау талап етілуде. Сонымен бірге, субсидия алатын тасымалдаушыларға да талап күшеюде. Қазір шалғайдағы барлық елдімекендер жаңа автобустармен толық қамтылды. Қазір бәсекенің, нарықтың заманы»,-деді басқарма басшысы.

Мәселен бүгінде қызмет көрсету сапасы жолаушылардың көңілінен шықпаған «Бек-Сервис» және «MAN Оңтүстік» компанияларымен келісімшарт біржақтама бұзылды. Себебі жолаушылар тарапынан, ауа баптағышы жоқ, интервал сақталмайды, автобус ескі деген мәселелер көтерілген болатын.

Жаңа автобустар кезең-кезеңімен жаңартылып, қалада жаңа аялдамаларды орнату жұмыстары қолға алынған. Қалада 1886 аялдама орны болса, 442-не аялдама жетіспейді. Соның бәрі кезең-кезеңімен ауыстырылады. 2021-2025 жылға арналған даму жоспарына сәйкес, 5 жылда 1050 аялдама қою жоспарланып отыр. Бүгінге дейін 670 жаңа аялдама қойылды. Бес жылда аялдамаларды жаңарту 83 пайызға жетпек. Жалпы жыл басынан бері басқарма тарапынан қала бойынша 63 аялдама демонтаж жасалып, шалғайдағы елдімекендерге орнатылды.

Эфир барысында тұрғындар тарапынан осы бағыттағы сауалдар жолданды, сала жетекшісі әрбір сұраққа жеке-жеке жауап берді.

Алдыңғы жаңалық

Шымкент тұрғындары саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Келесі жаңалық

Қиыршық тас төселуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі