Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Орта ғасырлық Шымқала керуені мерекелі іс-шарасы өтті

17 июня, 2022
in Мәдениет
0
Қала тұрғындары музейдегі түн іс-шарасын тамашалады
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter


«Шымқала» тарихи- мәдени кешенінде қала күніне орай «Ортағасырлық Шымқала керуені» мерекелік іс шарасы өтті, деп хабарлайды saraptimes.kz ақпараттық агенттігі Шымкент келбеті газетіне сілтеме жасап.
Іс-шара қала тұрғындары мен қонақтарына көне Шымкент қаласының тарихын насихаттау, ұмыт болған салт-дәстүрлермен таныстыру, дәуірлер бойынша танымдық ойын-сауық ұйымдастыру, көне шаhардың дәстүрлі базарларын жаңғырту, сондай-ақ, салттық өнер мен сазды қойылымдар арқылы мәдени мұраларды ұлықтауды мақсат еткен.
Сонымен қатар, мерекелік жиын «Шымқала» тарихи-танымдық сағатымен басталды. Кешенге келуші қонақтарға Шымкент шаһарының өткені мен бүгінін таныту, келешек ұрпаққа терең тарихын насихаттау мақсатында танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
«Көне Шымқаладағы ұлттық бұйымдар» жәрмеңкесінде ұлттық нақышта жасалған қолөнер шеберлерінің ағаштан, жүннен және былғарыдан жасалған бұйымдарынан сауда-саттық көрмесіне түрлі заттар қойылды. Қолөнер бұйымдарын жасаудан шеберлік сабақтар өтіп, ұмыт бола бастаған ұлттық бұйымдарымыздың жасалу жолы көрермендерге көрсетілді.
Сонымен қатар, қала тұрғындары ашық алаңда ұлттық ойындар , яғни аударыспақ, асық ату және қол күрес, сондай-ақ, арқан тарту мен тоғызқұмалақ ойындарын тамашалады.
Мерекелік іс-шарада театрландырылған қойылым ұсынылып, этно-фольклорлық концертте ұлттық аспаптар насихатталды.
Еске сала кетейік, 2018 жылдың 19 маусымында Мемлекет басшысы Шымкент қаласына республикалық дәреже беру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Содан бері 19 маусым Шымкентте Қала күні ретінде аталып өтіледі. Яғни бұл күн Шымкент қаласының мерейлі мерекесі. Биыл мегаполистің туған күнін 4-ші жыл тойлап отырмыз.
Шымкент қаласы күніне орайластырылған шаралар жалғасын тауып, қала тұрғындары мен қонақтарына қуаныш сыйлайтын болады.

Алдыңғы жаңалық

Қала тұрғындары музейдегі түн іс-шарасын тамашалады

Келесі жаңалық

"Қазақстанның үздік тауары -2022" көрмесі өтіп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі