Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

«Қазақстанның үздік тауары -2022» көрмесі өтіп жатыр

17 июня, 2022
in Мәдениет
0
«Қазақстанның үздік тауары -2022» көрмесі өтіп жатыр
0
SHARES
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter


Өңірлік көрме-байқауы үш күнге созылады. Шымкент қаласы әкімдігі мен жергілікті кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен шаһарымыздың Орталық саябағында «Қазақстанның үздік тауары-2022» өңірлік көрме-байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды saraptimes.kz. Орталық саябақта қаланың азық-түлік, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені мен құрылыс индустриясының 70-тен астам тауар өндірушілері өз экспозицияларын орналастырды. Үздік сапа иесін анықтау мақсатында ұйымдастырылған шараға қала әкімі М.Әйтенов, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер қатысты. Шаһар басшысы павильондарды аралап, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен танысты. Бұл жылғы көрмеге алғаш рет оннан астам жаңа компаниялар қатысуда, олардың ішінде «Бесқұдық тас» ЖШС (декоративтік тастар өндірісі), «Topseller of chemical products» ЖШС (дезинфекциялаушы және жуғыш заттар өндірісі), «Qut-Bereke Qurylys» ЖШС (металл құрылымы), «Quraq group» ЖШС (трансформер жиһазы), «Alem Luxury» ЖШС (жиһаз), «БАРАКА» ЖК (сүт өнімдері), «NURTAU distribution company» ЖШС (сұлы шоколад кәмпиттері мен сағыз өндірісі), «Петухова» ЖК (бөлмеаралық есіктер) бар. Мұнда ірі компаниялар ғана емес, шағын және орта бизнес өкілдері де өздерін таныта алады. Құттықтау сөз сөйлеген қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов кәсіпкерлік саласының дамып келе жатқаны көз қуантатын жағдай екенін жеткізді. – Кәсіпкерлік әлеуетті халыққа таныстыру үшін осындай көрмелерді тұрақты түрде өткізу қажет. Статистика бойынша Шымкенттің өнімдері республикадағы үлестің 30 пайызын, ал фармацевтика 26 пайызын қамтиды. Мегаполистің потенциялы жоғары. Кәсіпкерліктің алға басуы қосымша жұмыс орнын арттырады. Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарады. Қаншама отбасы нәпақа тауып, бала-шағасын асырауға мүмкіндік алады, — деді Бахадыр Мәдәліұлы. Конкурс шартына сай, тәуелсіз сарапшы аудитор, бизнес-қауымдастық, салалық қоғамдық бірлестік және мемлекеттік орган өкілдерінен құралған. Аталған сараптамалық комиссия «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша үздіктерді таңдайды. Айта кетейік, өңірлік көрме-байқауы үш күнге созылады.

Алдыңғы жаңалық

Орта ғасырлық Шымқала керуені мерекелі іс-шарасы өтті

Келесі жаңалық

Аула чемпиондары анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі