Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Бұқаралық жүгіруге бес жүзден астам қала тұрғыны қатысты

19 июня, 2022
in Денсаулық
0
Бұқаралық жүгіруге бес жүзден астам қала тұрғыны қатысты
0
SHARES
22
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қала күніне арналған жалпықалалық бұқаралық жүгіру сайысына 500-ден астам қала тұрғыны қатысты. Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов саламатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Нәтижесінде жүзден жүйрік атанғандарға арнайы сыйлықтар табыс етілді деп хабарлайды saraptimes.kz
5 шақырымдық жаппай жүгіру сайысы Royal фитнес клубының алдынан басталды. Наурыз алаңында қорытындыланды. Бұл марафонға миллионды шаһардың еңбектеген баласынан, еңкейген қартына дейінгі тұрғындары қатысып, белсенділік танытты. Саламатты өмір салтын насихаттап, белсенді қатысқан тұрғындар естелік медальдармен марапатталды. Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов іс-шара одан әрі жалғасын табатынын атап өтті. Сондай-ақ, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, Азия чемпионатының жеңімпаздары да іс-шарада белсенділік танытты. Жасы жетпістің үшін алқымдаған Мұхамедәли қария көпшілікпен бірге сап түзеп, жүгіру марафонына атсалысты. Салауатты өмір салтын ұстанатын қарияға жүгіру қиындық тудырған жоқ. Өйткені ақсақал күн сайын таңертең жүгіруді әдетке айналдырған. Жүгіру марафонына қатысушылардың ішінде спорт шеберлері мен чемпиондар да бар. Азия чемпионатының жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт саңлағы Әлімхан Сыздықов мұндай шаралар бұқаралық спорт аясын кеңейтуге кең мүмкіндік екенін айтады. Сонымен, қара үзіп, дара шыққандар кімдер? Мәре сызығын алғаш болып кескен Әзизхан Камильжанов бұл марафонның жеңімпазы атанды. Ол 14 жылдан бері спорттың жеңіл атлетика түрімен айналысып келеді. Жүгірушілер 26 минутта 5 шақырымды бағындырды. Саламатты өмір салтын насихаттаған шара бұдан кейін де жалғаса бермек.

Алдыңғы жаңалық

Аула чемпиондары анықталды

Келесі жаңалық

Қала күні қарсаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрменкесі өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі