Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

«Шырқал ән, Төгіл дауыс» турнесі Шымкентте жалғасын тапты

21 июня, 2022
in Мәдениет
0
«Шырқал ән, Төгіл дауыс» турнесі Шымкентте жалғасын тапты
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter


«Биылғы жылы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, айтыскер ақын, жыршы-темеші, дәстүрлі әнші Хатимолла Жәңгірұлы Бердіғалиев мерейлі 70 жасқа толып отыр. «Шырқал ән, төгіл дауыс» турнесі Шымкентте жалғасын тапты, деп хабарлайды saraptimes.kz. Хатимолла Жәңгірұлы Бердіғалиевтің 70 жылдығына арналған республикалық «Шырқал ән, төгіл дауыс» турнесінің өтуіне байланысты Батыс Қазақстан облысынан келген делегаттар баспасөз брифингін өткізді. «Биылғы жылы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, айтыскер ақын, жыршы-темеші, дәстүрлі әнші Хатимолла Жәңгірұлы Бердіғалиев мерейлі 70 жасқа толып отыр. Осы орайда, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің және облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен республикалық «Шырқал ән, төгіл дауыс» турнесі бастау алды. «Бүгін 21 маусым күні Шымкент қаласындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда сағат 19:00 де Хатимолла Жәңгірұлының шығармашылық концерті өтеді. Бұл концертте Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әртістері ҚР Еңбек сіңірген артисі, Қанатқали Қожақов пен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Айбар Хайрхановтар да өнер көрсететін болады», — деді Олжас Сейтимов. Хатимолла Жәңгірұлының репертуарында қазақтың үш жүзден астам халық әндері, Бұқар, Базар, Қашаған жыраулардың терме-жырлары, Мұхит Мералиевтің, Ғарифолла Құрманғалиевтің және халық композиторларының әндері де бар. Хатимолла Бердіғалиев есімі алты алашқа мәлім болған, айтыс пен ән өнерінде елінің ықыласына бөленген дарынды тұлға. Турненің мақсаты; руханият кеңістігін ұлттық тәрбиемен астастырып, патриоттық идеялогияны қалыптастыру және қазақ даласындағы дарынды дарабоздардың есімдерін дәріптеу арқылы төл өнерімізді қастерлеу табылады.

Алдыңғы жаңалық

№72 мектептің қосымша ғимараты келер жылы пайдалануға беріледі

Келесі жаңалық

Биыл Абай ауданында он ойын алаңшасы салынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі