Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Биыл Абай ауданында он ойын алаңшасы салынады

21 июня, 2022
in Спорт, Қоғам
0
Биыл Абай ауданында он ойын алаңшасы салынады
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Шымкент қаласы Абай ауданында 10 ойын алаңшасы салынады, деп хабарлайды saraptimes.kz. Абай ауданындағы 453 көпқабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген. 2014 жылдан бері жалпы 222 аула абаттандырылып, 56 спорт алаңшасы салынды. 2021 жылы 21 көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру, 12 спорт алаңшаларын ағымдағы жөндеу, 35 спорт алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілді. «Шымкент қайырымды қала» қоры арқылы демеушілік есебінен 4 спорт алаңшасы орнатылды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бүгін Абай ауданын аралау барысында атқарылған жұмыстарды көріп, жоспарлы құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Биыл аудандағы Республика 34 көпқабатты үй ауласында балалар ойын алаңшасы салынуда. Алаңша құрылысы аяқталуға жақын. Мердігер мекеме нысанды 1 ай көлемінде ел игілігіне тапсыратынын мәлімдеді. Сонымен қоса, Ақжайық шағын ауданында да 10 балалар ойын алаңшасы салынып жатыр. Жалпы Ақжайықта қазір 4 мыңға жуық тұрғын үй бар. Үйлердің басым бөлігі жеке сектор, 35-і көпқабатты үй. Бүгінде елді мекенде 3 мектеп пен 12 балабақша бар. Шағынаудан электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен толық қамтылған. Өткен жылы 8 балалар ойын алаңшасы мен 2 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілген. Биыл 10 спорт алаңшасының құрылысы жүргізілуде. Ықшам ауданда жалпы 72 көше болса, оның 48-і асфалттанып, 24 көшеге шағал тас төселген. 2022 жылы 16 көше, 2023 жылы №1,2,3,4 және 8,9 көше, Астық, Көкшетау, Зеңгі ата көшелері жөнделеді. Ал, 2024 жылы Айнала, Әулие ата, Торғын және атауы жоқ екі көшеге жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Бүгінде ауданда 8 көше жарықтандырылған. Биыл Балқарағай, Асфендияров көшесі жарықтанса, 2023 жылы Байсбаев пен Қарасай, 2024 жылы Спанов пен Уали ата көшелеріне кешкі шам орнатылады. Айта кетейік, биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 50 көп қабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарлануда.

Алдыңғы жаңалық

«Шырқал ән, Төгіл дауыс» турнесі Шымкентте жалғасын тапты

Келесі жаңалық

Жоспарлы жұмыстар жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі