Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жоспарлы жұмыстар жалғасуда

22 июня, 2022
in Қоғам
0
Жоспарлы жұмыстар жалғасуда
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов құрылыс нысандарын тексеру барысында бірқатар ойын алаңшаларын аралады, деп хабарлайды saraptimes.kz. Қала әкімі Ә. Молдағұлова № 44 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер ауласындағы салынып жатқан балалар ойын алаңшаларын аралады. Ол жерге қауіпсіз ойын элементтері орнатылуда. Шілде айында пайдалануға беріледі. Жалпы Абай ауданында да бұл жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 17 ауланы абаттандыру және 10 спорт алаңшасын салу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 85 пайызы аяқталған. Толық аяқталғаннан кейін тұрғындарға пайдалануға беріледі. Айта кетейік, биыл аудандағы Республика 34 көпқабатты үй ауласында балалар ойын алаңшасы салынуда. Алаңша құрылысы аяқталуға жақын. Мердігер мекеме нысанды 1 ай көлемінде ел игілігіне тапсыратынын мәлімдеді. Сонымен қоса, Ақжайық шағын ауданында да 10 балалар ойын алаңшасы салынып жатыр. Жалпы Ақжайықта қазір 4 мыңға жуық тұрғын үй бар. Үйлердің басым бөлігі жеке сектор, 35-і көпқабатты үй. Бүгінде елді мекенде 3 мектеп пен 12 балабақша бар. Шағынаудан электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен толық қамтылған. Өткен жылы 8 балалар ойын алаңшасы мен 2 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілген. Биыл 10 спорт алаңшасының құрылысы жүргізілуде. Өткен жылы аулаларды абаттандыру және заманауи балалар ойын алаңшаларын құру мақсатында қала бюджетінен 2,5 млрд. теңге қаралды. Қазіргі таңда қаламыздағы көпқабатты 184 үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында тұрғындардың ұсынысымен 101 үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың игілігіне тапсырылуда. Айта кетейік, биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 50 көп қабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарлануда.

Алдыңғы жаңалық

Биыл Абай ауданында он ойын алаңшасы салынады

Келесі жаңалық

Шымкенттің бас жоспары көпшілік талқысына ұсынылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі