Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

«Құрық» спектаклі сахналанды

24 июня, 2022
in Мәдениет
0
«Құрық» спектаклі сахналанды
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter


Бүгін Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында Б.Айдарбековтің «Жиһад» пьесасының желісімен «Құрық» спектаклі сахналанды. Шымкент қалалық Дін істері басқармасының тапсырысы негізінде сахналанған әлеуметтік драма бүгінгі қоғамның өзекті мәселесін қаузаған.
«Құрық» әлеуметтік драмасында бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер —дәстүрлі діннен адасу, ұлттық, рухани құндылықтардан ажырап, материалдық жағдайды алдыңғы қатарға қою, байлыққа құмартқан пендешілік жайы баяндалған.
Оқиғаның бас кейіпкері Нүркен/актер Б. Рахман/ досы Омармен бірге мешітке барып, намазға жығылуға ниеттенеді. Алайда анасы Сәнімгүл/ актриса Б. Қожамұратова/ ұлының досы Дастан/Н.Орынбек/ секілді қалталы болғанын қалайды. Қайда, қандай жұмыс екеніне көзі жетпесе де, Нүркенді Дастанға аманаттап, шетелге жібермекші болады. Режиссер жастар арасындағы діни сауаттың төмендігін, олардың материалдық тәуелділік салдарынан өз тағдырына балта шабуын Нүркеннің түсі арқылы ерекше суреттеген. Елден жырақта экстремистік топтардың дәстүрлі діндерге қайшы әрекеттерін, мәңгүрттік психологиясын аян арқылы сезінген Нүркен елде қалудың амалын іздейді.
Театрсүйер қауым қойылымды ерекше ықыласпен тамашалап, бүгінгі қоғамның өзекті мәселесін ашық сахналаған өнерпаздарға қошемет көрсетті.

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте өрт сөндіру ғимараты сүріліп жатыр

Келесі жаңалық

Сайрам тұрғын алабындағы көне мектеп күрделі жөнделуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі