Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Ынтымақ көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

1 июля, 2022
in Экономика, Қоғам
0
Ынтымақ көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Ынтымақ көшесін асфальттау жұмыстары жақында аяқталады, деп хабарлайды saraptimes.kz. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің жыл басында халықпен кездесуінде Бадам-1 алабының тұрғындары Ынтымақ көшесін асфальттауды сұраған болатын. Бүгінде халықтың өтініші орындалды. Ынтымақ көшесін асфальттау жұмыстары аяқталуға таяу. Мердігер мекеме – «ӘлемТрансЖол» ЖШС ұзындығы 1 шақырымды құрайтын көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп, асфальт төсеуде. Бадамдықтар жол жөндеу жұмыстарына ризашылықтарын білдірді. Тұрғындардың өтініштерін басты назарда ұстай отырып, қала аумағында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасатын болады. Айта кетейік, Еңбекші ауданындағы Базарқақпа тұрғын алабының халқы көптен бері кездесулерде жол мәселесін көтеріп келген. Нәтижесінде қала әкімінің бекіткен іс-шара жоспарына еніп, былтырдан бері аталған тұрғын алаптың барлық көшелері кезең-кезеңімен ретке келтірілуде. Жалпы ұзындығы 3,80 шақырымды құрайтын Кендала, Жастар, Тельман көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталып, қолданысқа берілді. Ал, жолға төселген асфальттың қалыңдығы 10 см. “Көшелерімізге 30 жылдан кейін асфальт төселіп отыр. Тұрғын алабымыз облыстан қалаға ауысқалы бері жол мәселесі енді қолға алынды. Өткен жолы бір топ техника келіп, жолды жөндеу жұмыстарына кіріскен еді. Міне, шаруа соңына жетіп, қуанышқа кенелтті”, – дейді тұрғындар. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының айтуынша, бүгінде жөндеуге жоспарланған 308 көшенің 145 көшесінде жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 163 көшені аяқтап пайдалануға беру 2022 жылдың тамыз айының соңына жоспарланған. Сонымен қоса, Қаратау ауданы Қызыл су тұрғын алабының Гулистан көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Гулистан көшесінің 2-кезеңі атауы жоқ көшенің соңына дейінгі аралықты қамтиды. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 2,7 шақырым, ал ені 5 метр. Бүгінде орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Ал, 2 кезеңіндегі жалғасы КХ-41 автомобиль жолының атауы жоқ көшеге дейінгі аумақты алып жатыр. Ұзындығы 2,1 шақырым болатын көшенің орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды. 3-кезеңге сәйкес жұмыстар КХ-41 автомобиль жолынан атауы жоқ көшеге дейінгі аралықта жүргізілуде. Көшенің ұзындығы – 2 шақырым, ені — 5м.

Алдыңғы жаңалық

Қоғамдық кеңестің жаңа төрағасы сайланды

Келесі жаңалық

Қазақстан республикасы мәдениет және спорт министрі шымкенттіктермен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі