Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазақстан республикасы мәдениет және спорт министрі шымкенттіктермен кездесті

1 июля, 2022
in Мәдениет, Әлеумет
0
Қазақстан республикасы мәдениет және спорт министрі шымкенттіктермен кездесті
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Биыл «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігін құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Аталмыш бірлестік жыл соңына дейін 10 пилоттық жобаны көрерменге ұсынуды жоспарлап отыр. Мен анимация саласында өзіндік орны бар шымкенттік жігіттердің жұмысымен таныспын. Сондықтан сіздерді «Қазақ анимациямен» бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын». Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Д.Абаев Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді. Кездесу «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы негізінде сұрақ-жауап форматында өтті. Онда мегаполистің мәдениет, спорт және туризм салаларына қатысты келелі мәселелер қозғалды.
Басқосуға Шымкент қаласына қарасты төрт ауданның белсенді тұрғындары мен мәдениет, спорт және туризм саласына қатысты мекеме қызметкерлері қатысты. Жиынды Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Б.Нарымбетов жүргізіп отырды.
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының арнайы тапсырмасымен министрлер өңірлерге келіп, халықпен жүздесіп жатыр. Бұл — мемлекет пен қоғамның өзара сеніміне және құрметіне негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруда аса маңызды қадам. Бүгін біз министрліктің әр салаға қатысты атқарып отырған жұмысына тоқталамыз. Себебі, оның барлығы өңірлермен тығыз байланысты. Мәдениет саласы бойынша өткен жылы Шымкентте 9 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл 10 мекемеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2 ғимарат құрылысы басталмақ. Жұмыс ауқымына қарай 2025 жылға дейінгі аралықта атқарылады, — деді Дәурен Әскербекұлы.
Министр әдебиетті қолдау мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Қаламгерлер мен баспагерлерге мемлекет тарапынан қолдау мақсатында биылдан бастап министрлік алғаш рет «Айбоз» әдеби сыйлығын тағайындап отырғанын айтты.
Шымкентке саяхаттап келушілер үшін туристік қауымдастықпен келісе отырып, 27 тур-бағыт ұсынылған. Оның 17-сі Шымкентте болса, 10-ы Түркістан облысымен бірлескен бағыт. Олар тарихи-мәдени, экологиялық, экстремальді, өндірістік сынды бағыттарды қамтиды.
— Тарихи-мәдени нысандарға қатысты Шымкенттегі Сайрам өлкесін атап өткен жөн. Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибрагим ата мен анасы Қарашаш ана кесенелерінің аумағын қалпына келтіру бойынша эскиздік жоба әзірленіп, заманауи жолсілтегіштер, стендкарталар орнатылып жатыр. Биыл шымкентке 3 айда 97 мың жуық турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 129 пайызға артқан, — деді министр.
Министр спорт саласындағы негізгі бағыт «Дені сау ұлт» жобасында айқындалғанын атап өтті.
— 2025 жылға дейін спортпен жүйелі түрде айналысатындар санын 50 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Былтыр еліміздің шалғай аудандарында 100 денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. Спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында арнайы жоспар түзіліп, 2025 жылға дейін 113 спорт нысанын салу, 21 ғимаратты жаңғырту және 6 нысанды қайта жарықтандыру мәселесі қаралып отыр. Шымкентте ат спорты түрлеріне арналған ипподром салынып жатыр, — деді Д.Абаев.
Екі сағатқа жуық шымкенттіктермен етене жақын әңгімелесіп, сала мамандарының сауалдарына жауап берген Д.Абаев министрлік құзіретіне кіретін мәселелердің алдағы уақытта шешілетінін жеткізді. Ал, жергілікті билікке қатысты шаруалар Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновпен кездесу кезінде талқыланбақ.
Кездесудің толық ақпаратын газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Алдыңғы жаңалық

Ынтымақ көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Келесі жаңалық

2022 жылы Шымкент қаласына «Бақытты отбасы 2-10-20»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі