Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

2022 жылы Шымкент қаласына «Бақытты отбасы 2-10-20»

1 июля, 2022
in Экономика, Қоғам
0
2022 жылы Шымкент қаласына  «Бақытты отбасы 2-10-20»
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2022 жылы Шымкент қаласына «Бақытты отбасы 2-10-20» бағыты бойынша 449 отбасына (оның ішінде: көпбалалы отбасылар – 195, мүгедек бала асыраушы отбасылар – 35, толық емес отбасылар – 219) лимит бөлінді. Аталған бағыт бойынша өтінімдер қабылдау 20 маусымнан — 19 шілде аралығында «Отбасы банк» АҚ –ның интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылуда. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Бақытты отбасы 2-10-20» бағыты аясында 2019 жылы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банк» АҚ-ы арқылы аз қамтылған отбасыларды несиелендіру шарттары бойынша кезекте тіркелген 292 отбасы (оның ішінде: көп балалы — 113; толық емес отбасылар — 134; мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар – 45) тұрғын жаймен қамтылған. 2020 жылы Шымкент қаласы бойынша несиелік тұрғын үйлер «Бақытты отбасы 2-10-20» бағыты аясында 292 отбасы жеңілдетілген несиелік пәтермен қамтылған. Сонымен қатар, 2021 жылғы Өңірлерге берілген лимит көлеміне сәйкес – 589 отбасы несие негізінде тұрғын үймен қамту жоспарланып (көпбалалы отбасылар – 255, мүгедек бала асыраушы отбасылар – 285, толық емес отбасылар – 49), бүгінгі таңға, 363 отбасы (көпбалалы отбасылар – 173, мүгедек бала асыраушы отбасылар – 160, толық емес отбасылар – 30) несие негізінде тұрғын жаймен қамтылған. Аталған бағдарлама қатысушыларына әлеуметтік көмек ретінде алғашқы жарнаны жабуға қайтарымсыз негізде биылда 500 азаматқа 1млн. теңгеге дейінгі тұрғын үй сертификаты қарастырылып отыр.
«2-10-20 Бақытты отбасы»

Отбасы банкі арқылы тұрмысы төмен отбасыларға — жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен, бастапқы жарна 10 %-дан кем емес мөлшерде 20 жылға тұрғын үйді сатып алуға несие беру қарастырылған.
Бағдарламаға тұрғын үй кезегіне тіркелген көп балалы, толық емес, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады.

Қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) өтініш берген күнге өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы;
3) өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің әрқайсысының соңғы 6 ай ішіндегі айлық табысы, қаржы жылына белгіленген, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен (әрбір отбасы мүшесіне 115 905 теңге) аспауы тиіс. Нақты айтқанда 2022 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 37 389 теңгені құрайды;
4) некені бұзу сәтінен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);
5) еңбек және кәсіпкерлік қызметтен отбасылық жиынтық табыстың болуы;
6) төлем қабілеттілігін растау;
7) тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебінде тұруы.
Кредит беру талаптары:
— қарыздың нысаналы мақсаты – бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу;
— тұрғын үйді сатып алу кезінде ең жоғарғы қарыз сомасы – 15 млн.теңгеден аспайды

Алдыңғы жаңалық

Қазақстан республикасы мәдениет және спорт министрі шымкенттіктермен кездесті

Келесі жаңалық

Тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі