Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Мерейлі отбасы — 2022 ұлттық байқауының аудандық жеңімпаздары анықталды

7 июля, 2022
in Мәдениет, Қоғам
0
Мерейлі отбасы — 2022 ұлттық байқауының аудандық жеңімпаздары анықталды
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында «Мерейлі отбасы — 2022» ұлттық байқауының аудандық жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды saraptimes.kz. Аталған конкурс отбасылық өнегелі құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғыртуға, отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіруге және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар отбасылардың мүшелері жіберіледі. Шымкентте «Мерейлі отбасы — 2022» байқауына қатысуға өтініш білдірген белсенді отбасылар саны артты. Былтыр конкурсқа қатысуға 110 отбасы ниет етсе, биыл 128 отбасы құжат тапсырған. Қазіргі таңда төрт аудан бойынша аудандық деңгейде өткен конкурс өз мәресіне жетті. Абай ауданы – 33, Әл-Фараби ауданы – 30, Еңбекші ауданы – 31, Қаратау ауданы – 34 мерейлі отбасы тиісті құжаттарын тапсырып, жеңімпаздарды анықтау бойынша құрылған комиссия өз шешімдерін шығарды. Әр ауданнан 4 отбасыдан жалпы 16 отбасы жеңімпаз атанды. Олар қалалық кезеңге жолдама алды. Атап айтатын болсақ,: — Абай ауданы бойынша: Тоқтиевтар отбасы Қаржаубаевтар отбасы, Сыздықовтар отбасы, Шаймырзаевтар отбасы; — Әл-Фараби ауданы бойынша: Бидайбековтар отбасы, Абдихановтар отбасы, Шамшиевтер отбасы, Баймахан отбасы; — Еңбекші ауданы бойынша: Байбосыновтар отбасы, Бақтыбаевтар отбасы, Тенизбаевтар отбасы, Шукуровтар отбасы; — Қаратау ауданы бойынша: Жақыповтар отбасы, Есенамановтар отбасы, Бойшевтар отбасы, Адилбаевтар отбасы; Енді, қалалық кезеңнің жеңімпаздары 15 шілдеге дейін анықталатын болады. Қалада үздік деп танылған отбасылар республикада бақ сынайды. Айта кетейік, 2021 жылы өткен «Мерейлі отбасы» байқауына Шымкент қаласының тұрғындары арасынан Абай ауданы — 31, Әл-Фараби ауданы — 20, Еңбекші ауданы — 20, Қаратау ауданы – 39 барлығы 110 өтініш қабылдаған еді. Бұл 2019 жылмен (31 отбасы) салыстырғанда 4 есе көп отбасы қатысқандығын көрсеткен.

Алдыңғы жаңалық

Нұртаста инфрақұрылыммен қамту құрылысы қарқынды жүруде

Келесі жаңалық

Шымкентте жалпы кәсіптік оқытуларға жолдама шілде айының басынан беріле бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі