Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

«Қазақстан халқына» қоры мен қалалық әкімдік арасында меморандум түзілді

22 июля, 2022
in Мәдениет, Қоғам
0
«Қазақстан халқына» қоры мен қалалық әкімдік арасында меморандум түзілді
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласына «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басшысының орынбасары Лаззат Шыңғысбаева іс-сапармен келді. Іс-сапар барысында Жастар ресурстық орталығы ғимаратында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанмен бірге үкіметтік емес ұйым өкілдерімен, кәсіпкерлермен кездесу өткізді.
Алғашқы кіріспе сөзді алған қала әкімінің бірінші орынбасары Қордың маңыздылығына тоқталып, кәсіпкерлердің қолдау көрсететініне сенім білдірді.
–«Қазақстан халқына» Қоры құрылғалы үкіметтік емес ұйымдарының жұмысы жандана түспек. Әсіресе шалғай елді мекендерде қоғамдық бірлестіктердің атсалысуымен жеке меншік мектептердің құрылысы қарқын ала түседі деген үміттемін, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Жиын барысында Л.Шыңғысбаева Қордың атқаратын жұмысы мен негізгі бағыттары жөнінде жиналған көпшілікке түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, Қор жанынан 4 сарапшылық комитет құрылған. Қор негізінен денсаулық сақтау, білім әлеуметтік салалар бойынша күрмеуі қиын мәселелердің жүйесін табуға, оларды шешуге көбірек назар аудармақ.
–«Қазақстан халқына» Қоры 2022 жылғы қыркүйек айында Қор қызметінің нысаналы бағыттарын айқындау мақсатында Ұлттық қайырымдылық конференциясын өткізуді жоспарлап отыр. Конференция мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің, ҮЕҰ, бизнес және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтеді. Конференцияда Қордың жаңа Тұжырымдамасы және Қордың қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларының проспектісі қабылданады. Қазір бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмысқа коммерциялық емес сектор өкілдері, мәслихат депутаттары, Қордың қайырымдылық жасаушылары — бизнес өкілдері, сарапшылар мен салалық мамандар тартылып жатыр, — деді Ләззат Алтынбекқызы.
Кездесу барысында «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры мен Шымкент қалалық әкімдігі арасында өзара түсіністік жөнінде екі жақты меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар, жиында Қор басшысының орынбасары Шымкенттегі үкіметтік емес ұйым өкілдерінің ұсыныстарын тыңдап, қойған сұрақтарына жауап берді.

Алдыңғы жаңалық

Бесінші ауданға «Тұран» атауы берілмек

Келесі жаңалық

Шымкентте 10 мыңнан астам азамат жұмыспен қамту шараларына қатысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі