Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте 10 мыңнан астам азамат жұмыспен қамту шараларына қатысты

22 июля, 2022
in Қоғам
0
Шымкентте 10 мыңнан астам азамат жұмыспен қамту шараларына қатысты
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Шымкентте 10 мыңнан астам азамат жұмыспен қамту шараларына қатысты, деп хабарлайды saraptimes.kz Бұл туралы Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова брифинг барысында мәлімдеді. Жиын барысында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы шеңберінде биылғы жылға 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланса, жыл басынан бері 10 395 азамат жұмыспен қамту шараларымен қамтылғандығы туралы айтылды. Сонымен қатар, ұлттық жоба шеңберінде 1 632 жұмыссыз азаматтар жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес білім беру ұйымдарында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына жолдануда. Аталған ақысыз оқу мерзімі 3 ай. Білім алушыларға ай сайын 20 948 теңге шамасында шәкіртақы төленеді. – Кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша ағымдағы жылы 1 150 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант берілу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 226 азаматқа 400 АЕК көлемінде грант берілді. Ал, мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 4 819 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетіледі. Бүгінгі күнгеәлеуметтік жұмыс орындарына – 123,жастар практикасына – 1 295, ақылы қоғамдық жұмыстарына – 2 221, «Алғашқы жұмыс орны жобасына – 214, «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына – 6, ал «Күміс жас» жобасымен нақты – 7 адам жұмысқа орналасқан, — деді спикер. Жыл соңына дейін 23 239 адамды бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру көзделсе, қазіргі уақытқа дейін 5700 адам тұрақты жұмысқа орналасып отыр. Айта кетейік, 2021 жылы Шымкентте 2500-ден астам жас «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа жолданған болса, олардың 1300-дейі барған жерлерінде тұрақты жұмысқа орналасқан. Ал, биыл Шымкент қаласында «Жастар практикасы» бағдарламасымен 2098 жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Алдыңғы жаңалық

«Қазақстан халқына» қоры мен қалалық әкімдік арасында меморандум түзілді

Келесі жаңалық

Шымкент: Мүмкіндігі шектеулі азаматтар әлеуметтік қызметтерге портал арқылы тапсырыс бере алады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі