Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Чумак» және «Көк» каналдары қарашада пайдалануға берілмек

19 августа, 2022
in Қоғам
0
«Чумак» және «Көк» каналдары қарашада пайдалануға берілмек
0
SHARES
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан каналдарға барып, іс барысын бақылады, деп хабарлайды saraptimes.kz. Еске сала кетейік, бұған дейін “Чучмак” және “Көк” каналдарындағы күрделі жөндеу жұмыстарын кешіктірген мекемелерге 10 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Қазіргі кезде құрылыстың 80 пайызы бітті. Жоспар бойынша қараша айында ел игілігіне берілуі тиіс. Ол үшін қыркүйек айының 10-ынан бастап ағын судың тоқтайтынын шаруаларға алдын ала ескерту керек. Осылай деген шаһар басшысы ауылшаруашылығы және табиғат басқармасына түсіндіру жұмыстарын жіті жүргізуді тапсырды. Бұдан соң қала әкімі “Шапырашты”, “Сай ниже водопада” каналдарының да күрделі жөндеу жұмыстары барысын көрді. Сала мамандарына “Сай ниже водопада” каналына қойылып жатқан блоктардың сапа сертификатын тексеріп қабылдауды тапсырды. Әзірге мұнда істің 20% атқарылған. Нысан келесі жылға өтпелі. Айта кетейік, жалпы Шымкент қаласы бойынша 34 канал бар. Оның ішінде ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланудағы 27 канал, қаланың ішіндегі ирригациялық мақсатта пайдалануда 7 канал. Ағымдағы жылы каналдардың 6 шақырымында механикалық тазалау жүргізілсе, 18 жарым шақырымын қолмен тазалау жалғасуда. Алдағы 4 жылда жалпы 195,74 шақырымды құрайтын 22 каналға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Нәтижесінде 5 172 гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу күтілуде. Су қоймалардың «Тоғыс», «Бадам» су қоймалары «ҚазСушар» РМК меншігінде болса, «Текесу», «Ақжар» су қоймалары басқарманың теңгерімінде. Бүгінде жалпы ұзындығы 35,5 шақырымды құрайтын 3 каналдарға (Көк, Сайрам су, Чумчак) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 1 743 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылып, ауыл шаруашылығының өнім өндіру көлемі артатын болады.

Алдыңғы жаңалық

Тұрғындар өтініші назарға алынды

Келесі жаңалық

Еңбекші ауданы: 13 кәсіпкерлік нысанға зерделеу жұмыстары жүргізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі