Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Еңбекші ауданы: 13 кәсіпкерлік нысанға зерделеу жұмыстары жүргізілді

20 августа, 2022
in Қоғам
0
Еңбекші ауданы: 13 кәсіпкерлік нысанға зерделеу жұмыстары жүргізілді
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы кәсіпкерлік нысандарға зерделеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды saraptimes.kz. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен Еңбекші ауданы әкімдігінің қызметкерлері Жыланбұзған тұрғын алабында 13 кәсіпкерлік нысанға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 3 коммерциялық нысанның маңдайшасы заң талаптарына сәйкес еместігі анықталды. Тексеру жұмыстарының негізгі міндеті – мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде орналасқан тіл заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін жарнама өнімдері мен көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі қателерге және олардың сауатты орналасуына, халықа сапалы қызмет көрсету тілі мен сапасына мониторинг жүргізу болып саналады. Кәсіпкерлік нысан иелеріне заң талаптарының сақталуы жөніндегі парақшалар таратылып, ақпараттық ескерту жұмыстары жүргізілді. Тексеру жұмыстарының барысында ҚР «Тіл туралы» заңының 21- бабында көрсетілген талаптарға сай келмейтін бірқатар көрнекі ақпарат мәтіндері анықталды. Кемшіліктер анықталған мекеме басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, барлық сауда орындарында екі тілде қызмет көрсету, олардың маңдайшалары мен мәзірлерінің Заң талаптарына сәйкестендіру керектігі түсіндірілді. Еске сала кетейік, «Нұрсәт» тұрғын алабында орналасқан кәсіпкерлік нысандар мен қоғамдық тамақтану орындарындада тексеру жұмыстары жүргізілді. 30-дан астам кәсіпкерлік нысан араланып, кемшілік орын алған 12 нысан әкімшілігіне ескерту берілді. Айта кетейік, Шымкент қаласында тұрғын алаптардағы кәсіпкерлік нысандарда Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Алдыңғы жаңалық

«Чумак» және «Көк» каналдары қарашада пайдалануға берілмек

Келесі жаңалық

Әл-Фараби ауданының жастарымен кездесу өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі