Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Смайлов Балтабай Оспанұлы ауданның белсенді жастарымен кездесті, деп хабарлайды saraptimes.kz. Кездесу барысында Әл-Фараби ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды. Аудан әкімінің орынбасары жастар арасында қозғалып жүрген өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жастар талқылауда белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлер айтылды. — Қала бойынша үлкен бір еріктілер ұйымын ашып, барлық еріктілер ұйымы сол ұйыммен бірлесе жұмыс жасау; — Саябақтарда жастарға арналған мәдени концерттер ұйымдастыру; — Аудан жастары әр ай сайын қарттар үйінде, балалар үйінде, саябақтарда тазалық жұмыстарын ұйымдастыру; — Тарихи мұражайларға экскурция жасау. Балтабай Оспанұлы Әл-Фараби аудан әкімі аппаратының ғимаратымен жастарды таныстырып, Әл-Фараби ауданының құрылуын және тарихын кеңінен таныстырып өтті. Мегаполис жастары бүгінгі күн мен болашаққа нық сеніммен қарауы жəне жан-жақты жарасымды жетілуіне, қаламызды дамуына, көркейуіне жастардың ерекше қолдауы және жауакершілігі жоғары екендігін айтып, жастардаң барлық оң бастамаларын қолдайтынын жеткізді. Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімі жастармен айына бір рет кездесу өткізетін болады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен әкім жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес отырысында айтылған болатын. Жастардың бүгінгі мәселесінің оң шешімі жарқын болашақтың кепілі екендігі белгілі. Заман талабына сай өзгеріп отыратын бұл мәселелер ауқымды талдау мен жүйелі шешім жолдарын қажет етеді. Ал, мәселенің мәнін дұрыс анықтау, жастармен жүйелі кездесулер мен диалогтар арқылы мүмкін екені анық. Осы мақсатта Шымкенттегі 4 ауданның жастары 4 блогқа бөлініп, олармен тұрақты кездесулер өтіп тұрады.