Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Солтүстік саяжайдың 1149 шақырымына электр желісі тартылды

23 августа, 2022
in Қоғам
0
Солтүстік саяжайдың 1149 шақырымына электр желісі тартылды
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту үшін желі тарту жұмыстарыжалғасуда, деп хабарлайды saraptimes.kz. Солардың бірі, Абай ауданына қарасты Солтүстік саяжай шағын ауданында электр желісі 90%-ға тартылды. Ал жұмысты толық 100% аяқтау қыркүйек-қазан айларына дейін жоспарланған. Жұмыс біте салысымен «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жүргізілетін болады. Аталған шағын ауданда құрылыс жұмыстары былтыр басталған еді. Бүгінге дейін 4737 электр бағанасы және 52 трансформатор орнатылып,1149 шақырымға желі тартылды. Үшінші мегаполисте қазіргі таңда, электрмен қамту деңгейі 97%-ды құрайды. Қаладағы 81 елді мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылған. Ал қалған 8 елді мекенде электр қуаты сапасыз. Өткен жылы қалада «Бозарық» 220 КВ мен«1-М-1» 110КВ электр тарату станциясы және 7 елді мекенде құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген болатын. Нәтижесінде Ақжар, Жалын, Достық, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік және Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекендері сапалы электр қуатымен қамтылды. Биылғы жоспар бойынша «Ақжар»110КВ қосалқы іске қосылып, Достық-2, Батыс, Тұран, Жаңаталап, Сәуле (276 орам) және Нұртас шағын ауданының тұрғындары мемлекеттік жүйедегі электр жарығына қол жеткізеді. Ал, 2023 жылы Қайнарбұлақ пен Солтүстік саяжай, Асар-2 (2-кезек) желі құрылысы аяқталып, пайдалануға берледі. Қала халқының өсіміне қарай сапалы электр қуатымен қамту үшін 2023-2025 жылдары 6 қосалқы станцияның құрылысы жоспарланып отыр. Айта кетейік, қаланың даму жоспарына сәйкес 2021-2025 жылдар аралығында 6 қосалқы станцияны пайдалануға беру жоспарланған. Шаһарда 2023 жылы Қызылсу 220кВ және ВЛ 220 кВ қосалқы станциясының құрылысы басталса, 2024 жылы Оңтүстік 220кВ, Тұран 110кВ, Ипподром 110кВ, Шымсити 110к станциялыраның құрылысы жүргізіледі. Аталған жұмыстар жүзеге асырылғанда 2025 жылы қалада сапалы электрмен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді деп күтілуде.

Алдыңғы жаңалық

Тапсырмалар орындалуда

Келесі жаңалық

Мемлекеттік грантқа өтінім беруден қалып кетпеңіз!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі