Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Мемлекеттік грантқа өтінім беруден қалып кетпеңіз!

23 августа, 2022
in Экономика
0
Мемлекеттік грантқа өтінім беруден қалып кетпеңіз!
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
https://saraptimes.kz/wp-content/uploads/2022/08/VID-20220823-WA0010.mp4

Шымкентте 29 тамыздан бастап 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберіндегі 400 АЕК көлеміндегі (1 225 200 тг дейін) қайтарымсыз гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады, деп хабарлайды saraptimes.kz. Өтінімдер «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн қабылданады. Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім береді. Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Өтінім беру үшін: — Порталда тіркелу; — грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту; — порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу (өз бетінше бизнес-план жарамайды); — өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою. Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтінім беруге болады. Мемлекеттік грант алуға үміткер бола алады: — тіркелген жұмыссыздар; — 29 жасқа толмаған, 3 жылдан кем дара кәсіпкер ретінде тіркелген немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер; Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек: — еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар; — қолданыстағы «қандас» мәртебесі бар адамдар; — өңіраралық қоныс аударушылар — атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар; — мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы); — асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар; — жастар (29 жасқа дейін). Сонымен қатар, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс. Өтінімдер 29 тамыздан 9-шы қыркүйекке дейін қабылданады(сенбі-жексенбі, яғни 3-4 қыркүйек күндерін қоспағанда).

Алдыңғы жаңалық

Солтүстік саяжайдың 1149 шақырымына электр желісі тартылды

Келесі жаңалық

Ақжайықтықтар асфальтталған көшемен жүретін болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі