Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ата заң ел теңдігіне кепілдік береді

30 августа, 2022
in Қоғам, Әлеумет
0
Ата заң ел теңдігіне кепілдік береді
0
SHARES
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында ҚР Конституциясы күніне орай Қоғамдық келісім мекемесінде «Ата Заңым – айбыным» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өтті, деп хабарлайды saraptimes.kz. Оған Шымкент қалалық этномәдени орталықтарының жетекшілері мен өкілдері, ҚХА құрылымдарының жетекшілері қатысты. Мәжілісті қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Икрамжан Хашимжанов ашып беріп, жүргізіп отырды. Жиынды құттықтау сөзімен бастаған ол еліміздің басты құжатында қазақстандықтардың нәсіліне, ұлтына, шығу тегіне қарамастан құқықтары мен еркіндіктерінің теңдігіне кепілдік берілгенін атап өтті. «Еліміздің қолданыстағы Контитуциясы 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды. Конституцияның бірінші бабында Қазақстан Республикасының әрбір азаматы, оның өмірі мен бастандықтарын ең қымбат қазынасы деп көрсетілген. Ата Заңымыз – Қазақстанның ашық, демократиялық, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет болып қалыптасуы, даму жолындағы ең жоғары заңдық күші бар негізгі заң. Маңызды құжат әлемдегі ең үздік құқықтық тәжірибелерге негізделіп, жоғары заңдылықты сақтай отырып жасалғандықтан, оны оқыған сайын әрбір әрпінен заңның үстемдігі мен ашықтық, теңдік қағидаттары байқалып тұрады», –деді И.Хашимжанов. Дөңгелек үстелге қатысушылар аталған тақырып аясында сөз сөйлеп, өзара пікір алмасты. Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы аумағындағы 23 тұрғын алапта этнос өкілдері жинақы қоныстанған. Осы аумақтағы тұрақтылықты сақтау, мемлекеттік саясат пен қолданыстағы заң талаптарын түсіндіру, жағымсыз жағдайлардың алдын алу бағытында жыл басынан бері 54 мақсатты кездесу өткізіліп, этносаралық қарым-қатынасқа ықпал ететін ықтимал жағдайларға талдау жасалды. Еске сала кетейік, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан 17 этномәдени бірлестік қызмет атқарып жатыр. Ал, олардың жанында 21 шығармашылық ұйым мен 3 жексенбілік мектеп жұмыс істейді.

Алдыңғы жаңалық

Жаттық, шынық, қалыптас

Келесі жаңалық

№ 1 клиникалық ауруханада құны 1 млрд теңгеге жуық құрылғы орнатылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі