Шымкент қаласында тозығы жеткен жылу жүйелері жаңартылуда, деп хабарлайды saraptimes.kz. Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында бұл жылы 19,4 шақырымдық ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінге дейін оның 17,8 шақырымы біткен, бұл 92 пайызды құрайды. Соның ішінде, Толстой – Адырбеков көшесінде 357 метр жылу құбыры ауыстырылуда. Бүгінде оның 267 метрі аяқталса, қыркүйек айының соңына дейін толық ауыстырылып бітпек. Сонымен қоса, Адырбеков-Жібек жолы көшесінде ұзындығы 4 шақырымды құрайтын магистралдық жылу құбырын ауыстыру жұмыстары осы жылдың маусым айында басталған. Қазіргі уақытта жалпы жұмыстың 40 пайызға жуығы аяқталған болса, толығымен 2023 жылы бітпек. Нәтижесінде жылу құбырының тозу деңгейі төмендеп, 450-ден астам көп қабатты тұрғын үй сапалы және тұрақты жылумен қамтылатын болады. Жұмыс барысымен танысқан қала әкімі М.Әйтенов тиісті сала басшысына жылыту маусымы кезеңіне дейінгі қажетті шаралардың талапқа сай және уақытылы атқарылуын тапсырды. Айта кетейік, қазіргі таңда қаладағы 1987 көпқабатты тұрғын үйдің 91% дайындалған. Ал, 484 бюджеттік мекемелерден бүгінгі күнге дайындалғаны 480 нысан (99%), дайындық жұмыстары жалғасуда. Аталмыш мекемелер отын қорымен толық қамтамасыз етілген. Қала тұрғындарының көмірге қажеттілігі 66 мың тонна, бүгінгі күнге дейін қалаға 100,8 мың тонна көмір тасымалданған, қоймаларда 35 мың тонна көмір қоры бар. Инфрақұрылым жүйелерінің дайындығы 90 пайызды құрап отыр. Қаладағы 15 жылу қазандығының қазір 3-і қысқы маусымға дайын (К-19, ПМК-49, К-54), қалған 12 қазандық 15 қыркүйекке дейін толық дайын болады. Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1987 көпқабатты тұрғын үйдің іс-шара жоспары бекітіліп, бүгінге 179 үйдің жылу маусымына сай, қалған үйлерде дайындық жұмыстары атқарылуда. Бүгінде қаладағы 484 бюджеттік нысанның 81-і жылу маусымына дайын тұр.Шымкент қаласында тозығы жеткен жылу жүйелері жаңартылуда, деп хабарлайды saraptimes.kz. Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында бұл жылы 19,4 шақырымдық ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінге дейін оның 17,8 шақырымы біткен, бұл 92 пайызды құрайды. Соның ішінде, Толстой – Адырбеков көшесінде 357 метр жылу құбыры ауыстырылуда. Бүгінде оның 267 метрі аяқталса, қыркүйек айының соңына дейін толық ауыстырылып бітпек. Сонымен қоса, Адырбеков-Жібек жолы көшесінде ұзындығы 4 шақырымды құрайтын магистралдық жылу құбырын ауыстыру жұмыстары осы жылдың маусым айында басталған. Қазіргі уақытта жалпы жұмыстың 40 пайызға жуығы аяқталған болса, толығымен 2023 жылы бітпек. Нәтижесінде жылу құбырының тозу деңгейі төмендеп, 450-ден астам көп қабатты тұрғын үй сапалы және тұрақты жылумен қамтылатын болады. Жұмыс барысымен танысқан қала әкімі М.Әйтенов тиісті сала басшысына жылыту маусымы кезеңіне дейінгі қажетті шаралардың талапқа сай және уақытылы атқарылуын тапсырды. Айта кетейік, қазіргі таңда қаладағы 1987 көпқабатты тұрғын үйдің 91% дайындалған. Ал, 484 бюджеттік мекемелерден бүгінгі күнге дайындалғаны 480 нысан (99%), дайындық жұмыстары жалғасуда. Аталмыш мекемелер отын қорымен толық қамтамасыз етілген. Қала тұрғындарының көмірге қажеттілігі 66 мың тонна, бүгінгі күнге дейін қалаға 100,8 мың тонна көмір тасымалданған, қоймаларда 35 мың тонна көмір қоры бар. Инфрақұрылым жүйелерінің дайындығы 90 пайызды құрап отыр. Қаладағы 15 жылу қазандығының қазір 3-і қысқы маусымға дайын (К-19, ПМК-49, К-54), қалған 12 қазандық 15 қыркүйекке дейін толық дайын болады. Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1987 көпқабатты тұрғын үйдің іс-шара жоспары бекітіліп, бүгінге 179 үйдің жылу маусымына сай, қалған үйлерде дайындық жұмыстары атқарылуда. Бүгінде қаладағы 484 бюджеттік нысанның 81-і жылу маусымына дайын тұр.