Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Ардагерлерге құрмет көрсетіледі

30 сентября, 2022
in Мәдениет
0
Ардагерлерге құрмет көрсетіледі
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында 1 қазан – халықаралық қарттар күні қарсаңында зейнет жастағы азаматтарды сауықтыруға арналған тағы бір «Белсенді ұзақ өмір» атты орталық ашылады, деп хабарлайды saraptimes.kz. Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова брифинг барысында мәлімдеді. «1 қазан-Халықаралық қарттар күні қарсаңында қаламыздағы зейнет жастағы азаматтарды сауықтыруға арналған тағы бір «Белсенді ұзақ өмір» атты орталығының ашылуы жоспарлануда. Бұл Қаратау ауданы, Жібек жолы көшесі, 22/1 учаскесінде орналасқан. Жаңа бөлімшеде жартылай стационарлық жағдайда тәуліктің күндізгі 4 сағат уақытында егде жасына байланысты қарттарға екі ауысым бойынша 150 азаматқа дейін қызмет көрсетіледі. Онда дәрігерлік тексеру, бильярд, теннис, садақ ату, ART терапия, тренажерлық қызмет түрлері, бассейн, массаж, әсемдік жасару терапиясы, караоке зал (ән айту), хореография, йога, еңбек терпаиясы, инемен емдеу терапиясы, емдік денешынықтыру бар», — деді Б.Нарбекова. Жалпы қалада «Белсенді ұзақ өмір» орталығының әр ауданда бөлімшелері ашылып, зейнет жасқа жеткен азаматтарға 4 сағатқа дейінгі екі ауысымда ақысыз арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, жалғызілікті зейнеткерлерге арналған 3 мезгіл ыстық тамағы қосылған 8 сағаттық жартылай станционар да жұмыс істейді. Биыл зейнет жасындағы азаматтарды санаторлық емдеумен қамтамасыз ету мақсатында 9 238 ардагерге қарастырылып, қазіргі таңға дейін 3 санаторлық емдеу орындарымен (Шымкент қаласының «Денсаулық» шипажайы, Түлкібас ауданының «Ақсу-Жабағылы» және Тараз қаласының «Айша бибі» курорттарымен) келісім шарттар түзілген. Тамыз айының қорытындысы бойынша 2 040 зейнеткерге жолдама беріліп, санаторлық-курорттық емдеуге жолданған. Шымкент қаласында зейнеткерлер саны – 84 844, оның ішінде ҰОС ардагерлер саны – 5, тыл еңбеккерлері – 2 390. Айта кетейік, Шымшаhардағы мерекелік шаралар жоспары қаламызға еңбегі сіңген, еңбек ардагерлері мен қарттарды құттықтаумен жалғасады. Ардагерлердің шаңырақтарына барып, сый-сияпаттар табысталады.

Алдыңғы жаңалық

Отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған айтыс өтіп жатыр

Келесі жаңалық

Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер департаменті салықты уақытылы төлеуге кеңес береді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі