Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер департаменті салықты уақытылы төлеуге кеңес береді

30 сентября, 2022
in Экономика, Қоғам
0
Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер департаменті салықты уақытылы төлеуге кеңес береді
0
SHARES
29
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2022 жылдың 1 қазанында жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелеріне 2021 жылға есептелген мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. Салық берешегі 40 АЕК-тен жоғары азаматқа Қазақстаннан кетуге тыйым салынуы мүмкін.

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Бауыржан Омартаев мәлімдеді.

«Өткен жылдың салық төлеу мерзімі екі күн ішінде аяқталады. Салықты уақыты төлеуге асықпайтындар жетерлік. Осы ретте, төлемеген жағдайда, кешіктірілген әрбір күнге өсімпұл жүретін болады. 2022 жылдың 2 қазанынан бастап жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарламалар борышкерлерге жолданады. Өңірдегі 50 мыңға жуық меншік иесі 700 млн. теңгеден астам салық міндеттемесін әлі орындамаған. Сондықтан артық шығындар мен келеңсіз жайларды болдырмау үшін мүлік салығын уақытылы төлеуге шақырамын» — деді спикер.

Бір айлық есептік көрсеткіштен астам берешек сомалары бойынша хабарлама табыс етілген соң отыз жұмыс күнінен кейін берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы салық бұйрығы жіберіледі. Бұл салық бұйрығы бес жұмыс күні өткеннен кейін жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алу үшін беріледі. Жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа шоттарға тыйым салу және шығуға шектеу қойып, салық берешегі сомасының 25%-на дейінгі мөлшерде қосымша төлемді өндіріп алады.

Ал банктер жеке тұлғаларға банк шоттарын ашудан бас тартуға міндетті. Алайда бұған әлеуметтік төлемдер, зейнетақылар, алименттер алуға арналған банк шоттарын, сондай-ақ білім беру жинақтау салымы шоттары жатпайды.

Салықты «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары, «Электрондық үкімет» порталы арқылы, екінші деңгейдегі банктердің бөлімшеріндегі немесе төлем терминалдарындағы қолма-қол ақша қаражатымен және банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталары арқылы төлеуге болады.

Алдыңғы жаңалық

Ардагерлерге құрмет көрсетіледі

Келесі жаңалық

Алтынтөбеде асфальт төсеу жұмыстары жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі