Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Жастарға жалындаған жарасады

5 октября, 2022
in Мәдениет
0
Жастарға жалындаған жарасады
0
SHARES
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы Азаматтық ресурстық орталығында ҚР Президентінің Жолдауы аясында «Мемлекеттік басқару жүйесіндегі саяси реформалар» тақырыбында саясаттанушылар мен сарапшылар жастармен кездесті, деп хабарлайды saraptimes.kz. Іс-шараға ҮЕҰ өкілдері, «Мирас» университетінің студенттері, мектеп мұғалімдері қатысты. Саясаттанушы, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі Сәкен Мәжінбеков Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауындағы басым бағыттарды, жастарға жүктелген міндеттер туралы әңгімелеп берді. Қазіргі бәсекелестік заманында жастардың білімге ұмтылып, өз ісінің білгір маманы болуға шақырды. – Мемлекет басшысының әр Жолдауы жастарға зор серпін береді. Ізденуші азаматтар, жастардың ата-анамның үмітін ақтаймын деген нақты мақсаты болуы тиіс. Қазір ғылымды игеріп, кәсібін дамытып, тек алға қадам басатын кезең. Жастар жасампаз болса, елдің болашағы да жарқын болады, – деді С.Мәжінбеков. Еркін форматта өткен кездесуде Жолдау аясындағы міндеттер, оны іске асырудың тетіктері айтылды. Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Жолдауда айтылғандай, жастар нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылғаны жөн. Өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болатыны анық. Қалада саясаттанушылар мен сарапшылар, ҮЕҰ өкілдерінің жастармен кездесуі одан әрі жалғасын табады. Айта кетейік, Шымкент қаласының Әл-Фараби кітапханасында зиялы қауым өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын сөз етті. Аталған жиынға қатысушылар өз ойымен бөлісіп, жолдауда айтылған әр бағытты кеңінен тарқатты. «Аманат» партиясының Қаратау ауданы филиалының атқарушы хатшысы Әбдез Рахманұлының айтуынша, бұл жолғы Жолдауда халықтың әлеуметтік мәселесі мен балалардың болашағын инвестициялаудың тың әдістері ұсынылды. Сонымен бірге алдағы кезектен тыс сайлаудың маңыздылығына тоқталды.

Алдыңғы жаңалық

Еңбек нарқына кәсіби-техникалық мамандар қажет

Келесі жаңалық

Халықтың бірінші кезектегі мәселесін шешу - басты міндет

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі