Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Халықтың бірінші кезектегі мәселесін шешу — басты міндет

5 октября, 2022
in Қоғам
0
Халықтың бірінші кезектегі мәселесін шешу — басты міндет
0
SHARES
23
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жыл соңына дейін Абай ауданының халқы 100% таза сумен қамтылады, деп хабарлайды saraptimes.kz. Шымкент қаласының әкмі М.Әйтенов Абай ауданы тұрғындарымен есепті кездесу өткізді. Кездесуге қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, құқық қорғау органдары мен басқармалардың басшылары, сонлай-ақ, 300-ге жуық аудан тұрғыны қатысты. Жиында аудан әкімі Бұхарбай Парманов негізгі көрсеткіштерді атап, жоспарлармен таныстырды. Шымкенттің Абай ауданында 322 мыңнан астам халық тұрады. Аудандағы 34 елдімекеннің 33-і ауыз сумен қамтылған, бүгінгі таңда 1 елдімекенде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жыл соңына дейін Абай ауданының халқы 100% таза сумен қамтылады. Бұл туралы аудан әкімі Бұхарбай Парманов шаһар басшысының халықпен кезекті есеп беру жиынында айтты.«Былтыр «Жаңаталап», «Ынтымақ-2», «Ақтас-2», «Нұршуақ», «Жаңа Тұрлан» елдімекендеріне ауыз су кіргіздік. Жыл соңына дейін «Құрсайдағы» құрылыс жұмыстары аяқталып, абоненттеу жұмыстары жүргізіледі»-деді Б.Парманов. Аудан әкімінің берген мәліметінше, «Нұршуақ», «Жаңаталап», «Батыс» тұрғын алаптарын электр жарығымен қамту жұмыстары бітуге жақын. Жаңа жылға дейін 4366 тұтынушы сапалы электр қуатына қол жеткізеді. Көгілдір отынмен барлық елдімекеннің 24-і қамтылған. Биыл 7 нысанда құрылыс қырқынды жүргізілуде. Келесі жылы тағы 3-де газ тарту жұмыстары басталады. Жалпы, Абай ауданы 2024 жылы толық газбен қамтылатын болады. «Инфрақұрылым құрылысы әр жылға кезең-кезеңімен жоспарланған. Халықтың бірінші кезектегі мәселесін шешіп беру – біздің міндетіміз. Қала басшысы М.Әйтеновтің тікелей қолдауымен алдағы 2 жылда «Абай» ауданы бойынша су, газ, жарық мәселесі түбегейлі шешіледі. Сабыр сақтап, берілген уәделердің орындалуын күткендеріңіз үшін халыққа алғысымды білдіремін»-деді аудан әкімі. Ал «Самал-3» пен «Солтүстік Батысқа» қазіргі уақытта кәріз жүйесі тартылуда, ол да аяқталуға жақын. Келесі жылы «112 орамда» құрылыс басталады. Сөйтіп бұл мәселе 2025 жылға дейін 59%-ға шешімін табатын болады.

Алдыңғы жаңалық

Жастарға жалындаған жарасады

Келесі жаңалық

Бүгін Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі