Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Жолдауды жүзеге асыру үшін жұмылуымыз керек

8 октября, 2022
in Cаясат
0
Жолдауды жүзеге асыру үшін жұмылуымыз керек
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабында ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру, түсіндіру бойынша ақсақалдармен кездесу өтті, деп хабарлайды saraptimes.kz. Аталған іс-шараны «Аманат» партиясы Шымкент қаласы Қаратау аудандық филиалы ұйымдастырды. Саясаттанушы, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі Сәкен Мәжінбеков Жолдаудағы басым бағыттарды, мемлекеттік басқару саласы, жаңа экономикалық саясат, кәсіпкерлікті дамытудағы жаңа өзгерістерді атап берді. Сәкен Аралбайұлы ендігі ретте қайта өңдеу өндірісі, адами капиталды дамыту, саналы ұрпақ тәрбиелеуге назар аудару қажеттігін айтып, өз ойларымен бөлісті. – Қазір нарық заманы. Әр адам өзін дамытып, бәсекеге қабілетті болса ғана, жетістікке жетеді. Бүгінде кәсіппен айналысуға, саналы ұрпақ тәрбиелеуде барлық мүмкіндік бар. Президент Жолдауының өн бойы экономикалық мәселелерге арналған. Халықтың әл-ауқатын көтеру, барынша халыққа жағдай жасау көзделіп отыр. Ұлт қуатты болса,ұлт сапасын жақсарта алсақ, қоғам орнықты дамиды, – деді С.Мәжінбеков. Ел бірлігі – ең басты құндылық. Қазіргі жаһандану дәуірінде ұлт болып ұйысудың өзектілігі арта түсті. Сайрам тұрғын алабының төбе билері, тұрғындары Жолдауды жүзеге асыруда бірлесе ұйымшылдық танытуға шақырды. Айта кетейік, Шымкент қалалық қоғамдық кеңестің мүшелері «Су ресурстары–Маркетинг» ЖШС ұжымымен кездесті. Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы сөз болды. Жиынды «Су ресурстары–Маркетинг» ЖШС бас директоры Анарбек Орман ашып, алғысөзді Шымкент қалалық қоғамдық кеңестің және қалалық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевке берді. Бауыржан Ілімшеұлы Президент Жолдауында көтерілген қоғамдағы демократия, жаңа экономикалық саясат, ауыл шаруашылығының жаңа секторларын дамыту, заңнама жүйесін жаңғырту сияқты өзекті тақырыптарға тоқталды. Жиында қоғамдық кеңестің мүшелері Абдулла Ахметов, Исмаил Шалабаев, Ербол Жолбарысов және басқа да спикерлер Жолдауда көтерілген тек саяси ғана емес, экономикалық мәселелерге, Президент берген тапсырмаларға тоқталып өтті.

Алдыңғы жаңалық

Білімді ұрпақ – ел болашағы

Келесі жаңалық

Кәсіпкерлерге жан жақты қолдау көрсетіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі