Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Кәсіпкерлерге жан жақты қолдау көрсетіледі

8 октября, 2022
in Экономика, Қоғам
0
Кәсіпкерлерге жан жақты қолдау көрсетіледі
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Жолдауын іске асыру мақсатындағы кезекті жиын «Рахат-Шымкент» кондитерлік фабрикасының ұжымында өтті, деп хабарлайды saraptimes.kz. Кездесуге Шымкенттегі корей этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Роза Пак қатысып, Президент Жолдауындағы нақты міндеттер мен тапсырмалар төңірегінде ойын жеткізді. — Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы – әрбір қазақстандық үшін өте маңызды құжат. Онда отандастарымыз көптен күткен іс-шаралар қабылданды. Мәселен, Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін арнайы жинақ шоттарына аударылады. Мені бұрыннан ұстаз ретінде білім беру мәселесі толғандыратын. Енді елімізде «Жайлы мектеп» атты жаңа ұлттық жоба қолға алынды. 2025 жылға дейін республикада 800 мың студенттік орын ашылады. Бұл апатты және үш ауысымдағы мектептер мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді. Мен шымкенттіктердің Жолдауды жүзеге асыру ісін қолға алғанына қуаныштымын. Ал, бизнеске, атап айтқанда, өнеркәсіп саласына келер болсақ, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетілмек. Енді бұл жаңа жұмыс орындары ашылып, бюджетке көбірек қаржы түседі деген сөз, — деді Р.Пак. Кондитер фабрикасының жұмысшылары құнды ақпарат үшін қонақтарға алғыстарын білдіріп, Жолдауда айтылғаннақты бағыттар қазақстандықтардың мақсат-тілектеріне сай келетінін атап өтті. Олар өз тараптарынан қызықтырған сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты. Айта кетейік, Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабында ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру, түсіндіру бойынша ақсақалдармен кездесу өтті. Аталған іс-шараны «Аманат» партиясы Шымкент қаласы Қаратау аудандық филиалы ұйымдастырды. Саясаттанушы, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі Сәкен Мәжінбеков Жолдаудағы басым бағыттарды, мемлекеттік басқару саласы, жаңа экономикалық саясат, кәсіпкерлікті дамытудағы жаңа өзгерістерді атап берді. Сәкен Аралбайұлы ендігі ретте қайта өңдеу өндірісі, адами капиталды дамыту, саналы ұрпақ тәрбиелеуге назар аудару қажеттігін айтып, өз ойларымен бөлісті.

Алдыңғы жаңалық

Жолдауды жүзеге асыру үшін жұмылуымыз керек

Келесі жаңалық

Жолдаудағы заң үстемдігі: сарапшылар пікір алмасты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі