Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Болашақ десантшылар Шымкенттен әскерге аттанды

10 октября, 2022
in Қоғам
0
Болашақ десантшылар Шымкенттен әскерге аттанды
0
SHARES
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте Қазақстанның Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары қатарына әскерге шақыру науқаны жалғасуда, деп хабарлайды saraptimes.kz. Бұл туралы Шыкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді. Бүгінде қаланың 150-ден астам шақырылушылары әскер қатарын толықтырды, олар еліміздің шекарасында қызмет етуге аттанды. Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жинақ пунктінен Талдықорғанның десанттық-шабуылдау бригадасына алғашқы жөнелтілім жіберілді. Әскери киім киген шақырылушылар жинақ пунктінің фойесіне жиналды. Қалыптасқан дәстүр бойынша балаларды қаланың ардагерлер ұйымдарының өкілдері қарсы алып, табысты қызмет тіледі. Ардагерлер еліміздің заманауи армиясында мерзімді әскери қызметті өтеу үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтіп, бір жылға жағасатын мерзімді қызметтері аяқталғаннан кейін, барлық сарбаздар жоғарғы оқу орындарына тегін түсуге және кәсіби әскери болуға мүмкіндік алатынан да есекеру керек деп тапты. — Сіздердің өмірлеріңізде маңызды кезең басталады, себебі сіздер армия қатарына кіріп жатсыздар. Өте қысқа мерзімде сіз жарғы бойынша өмір сүруді, белгілі бір әскери мамандықты игеруді, тәртіпті және жауапты болуды үйренуіңіз керек. Қарулы Күштеріміздің дәстүрлеріне адал болыңыздар және қызметтеріңізді абыроймен орындаңыз, — деген тілегін Қарулы күштердің ардагері отставкадағы полковник Реймбай Халмуратов білдірді. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету үшін жіберілген әскерге шақырылушылар қалалық жинақ пунктінде әскери киім алатынын атап өткен жөн. Киім — кешектен басқа, оларға жолда жеке тамақтану рационы беріледі. Айта кетейік, Шымкент қаласының тұрғындары бүкіл ел бойынша құрлық, десанттық-шабуылдау және зымыран-артиллериялық әскерлерде мерзімді қызмет өткереді, ал инженерлік мамандықтары бар әскерге шақырылушылар көбінесе бейіні бойынша қызметті таңдайды. 2021 жылғы 1 наурыздан бастап әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату Мемлекеттік қызметтер болып табылатынын және азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылатынын атап өту қажет.

Алдыңғы жаңалық

Мектеп мұғалімдері жасыл алаңда кездесті

Келесі жаңалық

Шымкентте сирек кездесетін дертке наркозсыз ота жасалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі