Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Шымкентте сирек кездесетін дертке наркозсыз ота жасалды

10 октября, 2022
in Денсаулық
0
Шымкентте сирек кездесетін дертке наркозсыз ота жасалды
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында дәрігерлер алғаш рет сирек кездесетін дертке шалдыққан науқасқа күрделі ота жасады, деп хабарлайды saraptimes.kz. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. №2 қалалық аурухана базасында тың әдіспен жасалған операция кезінде хирургтар наркозды қажет етпейтін, асқынуларды болдыртпайтын хирургиялық ем тәсілін қолданған. «Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні Шымкент қалалық №2 ауруханасына 1986 жылғы науқас келіп түскен. Пациенттің ауруханаға түскен кездегі шағымы сүйек буындарының ауырсынуы, дене бітімінің кішірейуі, бойының шөгуі. Онымен қоса науқас бүйректің созылмалы шамасыздығы салдарынан 9 жыл бойы гемодиализ қабылдаған. Тексеру барысында науқаста кальций-фосфор алмасуы бұзылғаны анықталып, науқасты Шымкент қалалық №2-ші ауруханаға жатқызылған. Шұғыл арада дәрігерлер консилиумі құрылып, пациенттің өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер күрделі ота жасауға шешім қабылдайды», — делінген баспасөз хабарламасында. №2 қалалық аурухана базасында науқасқа қалқанша маңы безі артерияларының эмболизация отасы жасалынды. Операция сәтті аяқталып, соның нәтижесінде науқастың ауырсынуы басылған. Бұл отаның ерекшелігі сол, науқасқа көп зақым тигізбей, наркозды қажет етпейтін, асқынуларды болдыртпайдын хирургиялық ем түрі дейді дәрігерлер. «Операциядан кейін науқастың сүйек буынындағы қанындағы парат-гормон деңгейі 7 күнде 1733 пг/мл-ге дейін төмендеген және одан да төмен түсуі күтілуде. Сондықтан науқас қатаң бақылауға алынып әр аптада қан талдауға алынуда. Бір науқастың өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер командасы болып жұмыс істеп, консилиум құрдық», — деді нефролог Қыстаубаев Мадияр. Айта кетейік, Шымкент қаласында 4760 дәрігер қызмет етеді 10 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 42,1 құрап отыр, 10496 орта буын медициналық маман қызмет етеді 10 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 92,8 құрайды.

Алдыңғы жаңалық

Болашақ десантшылар Шымкенттен әскерге аттанды

Келесі жаңалық

Саяси реформалар - халық игілігіне

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі