Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ : ХАЛЫҚТЫ КИБЕРШАБУЫЛДАРДАН ҚОРҒАУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ

21 мая, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ : ХАЛЫҚТЫ КИБЕРШАБУЫЛДАРДАН ҚОРҒАУ – АЗАМАТТЫҚ  ПАРЫЗ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында, «Қазақстан-2050» Стратегиясының Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі бойынша тәсілдемелерін ескере отырып,  Киберқауіпсіздік тұжырымдамасы, яғни «Қазақстанның Киберқалқаны» жобасын әзірледі. Киберқылмыспен күрестің өзектілігі барған сайын арта түсетіндігін айтқан болатын.  «Қауіпсіздік ахуалы қуатты және әрекет ете алатын мемлекеттің өлшеміне айналып келеді. Қазіргі заманда адамзат терроризмнің белең алуымен бетпе-бет келіп отыр. Бұл ретте деструктивті күштерді қаржыландыратындарға, шетелдік террористік ұйымдармен байланыс жасайтындарға қарсы күрес жүргізу ісі негізгі мәселе болып саналады», — делінген Жолдауда. Киберқауіпсіздік тұжырымдамасы, яғни «Қазақстанның киберқалқаны» жобасын әзірлеу кезінде  Малайзия, Сингапур, Великобритания, Германия, Чехия, Франция, Литва, Эстония, Финляндия, Швеция, Швейцария және т.б. секілді елдердің халықаралық тәжірибесі зерделенді.

Тұжырымдаманың мақсаты жаһандық бәсекелестік жағдайларында Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін, электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қауіптерден қорғалуына қол жеткізу және сол деңгейде ұстау болып табылады.

Тұжырымдаманы іске асыру мерзімі екі кезеңнен тұрады. Айта кетейік, бірінші кезең 2017-2018 жылдар, екінші кезең 2019-2022 жылдар.

Бірінші кезеңде:

— ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы белгіленген талаптарды сақтаудың толық құқықтық қолдану практикасы қалыптасады;

— білім беру бағдарламалары мен кәсіби стандарттарға ревизия жүргізіледі, ақпараттық қауіпсіздік саласында даярланатын мамандардың саны мен сапасы артады, осы салада жұмыс істеп жүрген қазіргі қызметкерлердің біліктілігін арттыру қамтамсыз етіледі;

— отандық зерттемелер жасауда өнеркәсіп пен ғылым арасындағы өзара іс-қимыл мен кооперациялаудың тиімді схемасы бір жолға қойылады.

Бұл екінші кезеңде:

— қазақстандық IT-компаниялардың ұлттық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды ақпараттық қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етуге негізді тұрде қатысуын;

— отандық электрондық өнеркәсіп кәсіпорындарын мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың ел аумағында телекоммуникациялық жабдық сатып алуына тапсырыстармен жүктеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫНА ҚАРАСТЫ 18 МЕКЕМЕ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫНА АТСАЛЫСТЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРДЫҢ ТҰЗАҒЫНА ТҮСПЕУ ЖОЛДАРЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі