Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРДЫҢ ТҰЗАҒЫНА ТҮСПЕУ ЖОЛДАРЫ

21 мая, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРДЫҢ ТҰЗАҒЫНА ТҮСПЕУ ЖОЛДАРЫ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2018 жылдан бастап «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстары мен республиканың маңызды ақпараттық инфрақұрылымын кибершабуылдар мен киберинциденттерден қорғау үшін Ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіру орталығы жұмыс істейді.

Жуырда алаяқтардың жолын кесу үшін полицейлер, прокурорлар мен банк қызметкерлері бас қосты. Бүгінгі таңда халық арасында кеңінен тарап, тұрғындарды сазға отырғызып жатқан алаяқтардың саны артып кетті. Күн өткен сайын ұрлық емес, адамды алдап-соғуды оңай санап алаяқтық қылмысына баратындар көбейді. «Қайтсем оңай жолмен байлыққа кенелем, қайтсем еңбексіз әп-сәтте ақша табамын» деген пиғылмен қарапайым халықты алдайтындар азаяр емес. Әсіресе күнделікті қолданатын ұялы телефон арқылы интернет алаяқтығы жыл сайын өсуде.

Полицейлердің тиянақты еңбегі мен күндіз-түні із-кесіп, соңғы технологияны пайдалана отырып, атқарған жұмыстарының арқасында алаяқтар ұсталуда. Соның нәтижесінде бұл қылмыстың ашылымы да артып жатыр. Алайда тәртіп сақшылары үшін бастысы тек бұл емес, олар неғұрлым тұрғындар алданбай, алаяқтардың тұзағына түспесе деген мақсатты ұстанып, Түркістан облысы Полиция департаментінде «Ғаламтор желісінде жасалған алаяқтық қылмыстармен күресу үшін, тіркелген сотқа дейінгі тергеп-тексеру құжаттарын тергеу барысында туындаған проблемалық мәселелерді талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Оған Түркістан облысы Прокуратурасы 1-басқармасының аға прокуроры Сұлтан Батталов, екінші деңгейдегі банктердің (халық, форте, альфа, нур, банк центр кредит. т.б. банктер), ұялы байланыс операторларының өкілдері (Кселл, Кар-Тел, Теле 2), тергеушілер мен жедел уәкілдер қатысты.

Дөңгелек үстел Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Құрманбек Саховтың төрағалығымен өтті.

Алаяқтық қылмыстарының ашылуы мен жедел жұмыстарды атқаруды тікелей бақылап, қызметкерлерге тапсырма беріп жүрген басшы Қ.Сахов алғы сөзді сөйлеп, күн тәртібіндегі мәселеге кеңінен тоқталды.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ : ХАЛЫҚТЫ КИБЕРШАБУЫЛДАРДАН ҚОРҒАУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНЫҢ АРБАУЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі