Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН: МИНИСТР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖАСАУДЫҢ МАҢЫЗЫН ТҮСІНДІРДІ

21 ноября, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН: МИНИСТР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖАСАУДЫҢ МАҢЫЗЫН ТҮСІНДІРДІ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақ тіліндегі жасанды интеллект жасап шығу ұлттық қауіпсіздікке қатысты мәселе екенін айтты.

«Жасанды интеллектің қазақ тілінде болуымен Яндекс те айналысып жатыр. Чат-GPT де айналысып жатыр. Ол дұрыс. Біздің қазақ ақпараты қазір өзге елдердің жасанды интеллектеріне жасалып, оларды байытып жатыр. Ол жақсы»,– деді Мусин.

Алайда министр мемлекеттік идеологияға, жеке дерекке қатысты ақпаратты шетелдік компанияға беруге болмайтынын ескеріп, Қазақстан өз жасанды интеллектін жасап шығу керек екендігін атап өтті.

«Электронды үкіметтің ішіндегі ақпарат жатыр. Сіздің, біздің, мемлекеттің идеологиялық, өндірістік және жеке ақпарат бар. Соның барлығын біз Чат-GPT-ге бере алмаймыз ғой. Ал жасанды интеллектті E-Gov қосу үшін өз жасанды интеллектіміз болуы қажет. Біз бар ақпаратты Чат-GPT жүйесіне береміз бе? Әлде өзіміздің болашақтағы ұлттық қауіпсіздігімізді ойлап, өзіміздің жеке жасанды интеллектімізді дайындаймыз ба? Мемлекеттік жүйелерді сол интеллект ішінде ойластыруды ойлауымыз керек»,– деді министр. 

Қазіргі таңда Назарбаев университет пен Қазақ тілі қоғамы жасанды интеллектің қазақ тілінде болуы туралы жобаларды бастаған. Министрлік әртүрлі ұйымдар мен жобалардың басын қосып, оларды бір жүйеге келтіруді мақсат етіп отыр.

Айта кетейік, қазақ тілінде сөйлейтін GPT пайда болатынын жазғанбыз. Сонымен қатар жасанды интеллект eGov-қа енгізіледі. Бұл туралы Digital Almaty форумы барысында Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин айтты.

Министр Egov-тағы жасанды интеллект әртүрлі мемлекеттік қызметтерді интерфайс көмегімен емес, қарапайым адами қарым-қатынас процесі арқылы алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Жасанды интеллекті енгізу бойынша жұмыс басталды. Сондай-ақ қазақ тілінде сөйлейтін GPT чаттың қазақстандық аналогын жасау бойынша да жұмыс жүргізіліп жатыр», – деді Мусин. 

 

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: ҒАРЫШТЫҚ БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЕКТ ЖӘНЕ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі