Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістан облысында алюминий бұйымдарын шығаратын зауыт ашылды

12 августа, 2025
in Uncategorized, Жаңалықтар, Экономика
0
Түркістан облысы 6 ай нәтижесінде макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада бірінші орынға шықты
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Бұдан былай Түркістан облысындағы салынып жатқан ғимараттарға қолданылатын өңірлік өнімнің үлесі тағыда артатын болды. Себебі, енді ғимараттарға қажетті пластик есік-терезелер толықтай осы өңірде өндіріледі» — деп, хабарлайды Saraptims.kz.
Ақпарат көзінің хабарлауынша Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам елді мекенінде алюминий профильдерін өндіретін «CENTRAL ASIA ALUMINUM» ЖШС-нің зауыты ашылған. Оның ашылуына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысқан. Өңір басшысы компания директоры Сян Гуанжуй мен бірге зауыттың лентасын қиып, арнайы батырманы басу арқылы нысанды іске қосқан. Облыс әкімі көпшілікті жаңа зауыттың ашылуымен құттықтады.
– Бүгін сіздермен ерекше маңызды сәтте жиналып тұрмыз. Өңірімізде заманауи зауыттың құрылысы аяқталып, іске қосылғалы тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берді. Бұл бағытта облысымызда нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгін ашылған «CENTRAL ASIA ALUMINUM» ЖШС-нің алюминий бұйымдарын өндіру зауытының маңызы өте зор. Жаңа зауытта 200-ге жуық жұмыс орны ашылды, өндірілген өнім экспортқа шығарылады. Зауытта заманауи және инновациялық технологиялар қолданылған. Жоба өңірде өнеркәсіп саласын дамытуға және кіріс көздерін ұлғайтуға ықпал етеді. Бұл жобаның жүзеге асырылуы — біздің ортақ жетістігіміз. Менің арманым және мақсатым – Түркістанды дотациялық өңір деңгейінен өз бюджетін қамтитын, өндірісі дамыған облысқа айналдыру. Сондықтан облысымызда, оның ішінде Ордабасы ауданында өндірістік жобаларды көбейтуді жоспарлап отырмыз. Индустриалды аймақтардың жұмысын жандандырып, жаңа жобаларды жүзеге асырамыз. Оған толық мүмкіндігіміз бар. Баршаңызды зауыттың ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа кәсіпорын ұжымына табыс тілеймін. Облысымыздың дамуына бағытталған жобаларымыз көп болып, халқымыздың табысы арта берсін! – деген облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты тұлғалар мен кәсіпкерлерге зауыттың жұмысын сапалы үйлестіруді тапсырып, бұл бағытта жан-жақты қолдау болатынын еске салды.
Кәсіпорынның өндіріс қуаттылығы – жылына 20 мың тонна. 200 адам жұмыспен қамтылады. Жобаның алғашқы кезеңіне құйылған инвестиция көлемі 4,4 млрд. теңгені құрайды. Мұндағы өнімдер толық дерлік экспортталады. Заманауи үлгідегі зауыттың құрылыс жұмыстары сапалы орындалып, соңғы үлгідегі технологиялар қолданылған.
Ордабасы ауданында өндірісті дамытуға мүмкіндік мол. Өйткені, ауданның өзі темір жол мен әуе қатынасы бар мегаполиске өте жақын орналасқан. Одан бөлек барлық инфроқұрылыммен қамтылған индустриалды аймақ бар. Облыс, аудан басшылығы индустриалды аймақты одан әрі кеңейтіп, кәсіпорындар ашуға күш салмақ ниетте. Инфрақұрылым мәселесі толық шешіліп, инвесторлар мен кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетін болады.
Айтып өту керек, бүгінде Ордабасы ауданында «Стандарт Ресурсис» ЖШС-нің мұнай өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр. Өндіріс орнының құрылысы 2020 жылы аяқталған. Жұмысының ІІ кезеңін биылғы жылдың екінші жартыжылдығында іске қосқан. Жылына 100 мың тонна шикізат өндіреді. Жоғары маркалы бензиннен бастап, бірнеше өнім шығарылады. 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Олардың орташа айлығы 120-150 мың теңгені құрайды. Көмір-химия зауытының әлеуетін мамандар жоғары бағалап отыр.
Ауданда полиэтилен бұйымдарын қайта өңдейтін және синтепон талшығын өндіретін «GREEN TECHNOLOGY INDUSTRIES» зауыты бар. Бадам ауылындағы «Бадам» индустриялды аймағында орналасқан зауыттың инвестициялық құны – 6800,0 млн. теңге. Жобаның I кезеңі ПЭТ қалдықтарын тазарту және ұсақта турап флекс өнімін алу жобасы 2018 жылы «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылды. 2018 жылдан бері шығарылып жатқан флекс өнімі Ресей федерациясына экспортталуда. Кәсіпкерлікке қолдау бағытындағы жұмыстар жандана түспек. Индустриалды аймақтың кәріз жүйесін реттеу мәселесі маңызға ие
Сонымен қатар, Ордабасы ауданында бірнеше қыш зауыттары бар. Бүгін Бөржар ауыл округіне қарасты Теспе елді мекенінде орналасқан «Altyn land» компаниясының жұмысымен таныстық.
Зауыт заманауи үлгіде толық автоматтандырылған. Негізгі қондырғы жабдықтары үнемді Қытай технологиясымен кірпіш өндіреді.
Жобаның инвестициялық құны 2,3 млрд.теңгені құрайды. Өндістік қуаттылығы жылына 90 млн. дана кірпіш шығарады. Қазір мұнда 55 адам жұмыс істеп жүр екен. Ауылдарда өндіріс орындарының ашылуы әрі жергілікті жұртшылықтың жұмыспен қамтылуына, әрі аудан экономикасының дамуына септігін тигізеді.
Saraptims.kz.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы индикаторларын орындау бойынша көшбасшылар қатарында

Келесі жаңалық

Түркістан облысының делегациясы Қытайда маңызды келіссөздер жүргізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі