Понедельник, 8 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Түркістан облысының делегациясы Қытайда маңызды келіссөздер жүргізді

12 августа, 2025
in Әлеумет
0
Түркістан облысы 6 ай нәтижесінде макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада бірінші орынға шықты
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Түркістан облысымен ҚХР-ның арасындағы байланысты нығайту бағытындағы жұмыстар әлі де жалғасуда»-деп, хабарлайды Saraptims.kz.
Ақпарат көзінің хабарлауынша облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өңірде инвестиция тарту, өнеркәсіп орындарын ашу және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру үшін облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков бастаған делегация Сиань қаласындағы Бас консулдықтың қолдауымен және ұйымдастыруымен Шэньси провинциясы губернаторының орынбасары Чэнь Чуньцзянмен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық байланыстарды дамытуды және өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды талқылады.
Айта кетейік, биыл маусым айында Орталық Азия – Қытай саммиті аясында Түркістан облысы мен Шэньси провинциясы арасында бауырластық өңірлер болу туралы келісімге қол қойылған болатын. Сапар барысында Отырар ауданының әкімі Қ.Жолдыбаев пен Шэньси провинциясының Линьтун ауданы Халық үкіметі партия комитетінің хатшысы Мяо Цзи Бауырластық туралы меморандумға қол қойды.
Линьтун ауданы (Шэньси провинциясы, ҚХР) – Сиань қаласының шығыс бөлігінде орналасқан және оның әкімшілік аудандарының бірі. Бұл аймақ әйгілі Цинь Шихуан кесенесі мен Терракота әскері кешеніне апаратын қақпа ретінде белгілі. Линьтунда туризммен қатар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, логистика және мәдени алмасу бағытында белсенді дамуда.
Түркістандық делегация Шэньси провинциясының бірқатар ірі кәсіпорындарымен өткен кездесулерде құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда-логистикалық орталықтар құру және қайта өңдеу салаларындағы жобаларды талқылады. G2B форматындағы кездесулер де ұйымдастырылды. Қытайдың құрылыс, үй тауарлары, қағаз және жеке гигиена құралдарының өндіретін компаниялары, ауыл шаруашылығы, энергетика және басқа салаларға қатысты компания өкілдері өз ұсыныстарын жеткізді. Қазақстанда жүгері зауытын салу, Орталық Азияда туризмді дамыту және әуе бағыттарын кеңейту бойынша да келіссөздер жүргізілді. Делегация Шэньсидегі сүт өнімдерін өндіретін, соя майын өндіретін зауыттарды көрді.
Бұл сапар Түркістан облысы мен Қытайдың Шэньси провинциясы арасындағы өзара тиімді әріптестікті жаңа деңгейге көтеріп, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін халықаралық аренада ілгерілетуге мүмкіндік берді.
Осы орайда алып мемлекетпен арадағы қарым-қатынас халқы тығыз өңір экономикасына қаншалықты серпін береді? деген сауалға арнайы сарапшылар мен зерттеу орталығының мамандарының тілімен жауап берсек.
Қытайды зерттеу орталығының директоры Гүлнар Шаймергенова Қытайдың әлемдік державалардың бірі болу үшін өткен 75 жылдық жолының ауқымдылығы мен маңыздылығы бойынша ерекше әрі таңқаларлық екенін айтады. Экономикалық даму, ғылыми-техникалық инновациялар, экологиялық трансформация және халықаралық ынтымақтастық Қытайдың соңғы онжылдықтардағы айрықша жетістіктерінің куәсі.
Сонымен қатар орталық директоры семинар қатысушыларының назарын Қытайдың негізгі жетістіктеріне аударды.
Экономикалық трансформация миллиондаған адамдарды кедейліктен шығарса, Қазақстан маңызды рөл атқаратын «Бір белдеу, бір жол» бастамасы елдер арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтты. Логистика, энергетика және инновация саласындағы бірлескен жобалар болашақ ынтымақтастықтың негізін қалап жатыр, – деп айтты ол.
Ал Заң ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры Жамаладен Ибраһимұлы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне талдау жасады.
Сарапшы Қытайдың жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын әлемдік жетекші державалардың бірі екенін атап өтті.
Оның экономикалық және саяси ықпалы халықаралық аренада оны маңызды ойыншыға айналдырады. Қазіргі тұрақсыздық жағдайында Қытай қауіпсіздікті нығайтуға және бейбітшілікті қолдауға бағытталған халықаралық бастамаларға белсенді қатысуда. Мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу, ішкі істерге араласпау қағидаттары сенім мен ынтымақтастық үшін негіз болуда. Қытай БҰҰ, ШЫҰ және БРИКС сияқты көпжақты ынтымақтастық форматтарын белсенді дамытып, жаһандық мәселелерді шешуге өз үлесін қосып келеді. Негізгі бағыттар тұрақтылықты сақтау, терроризмге қарсы күрес, дағдарысқа қарсы бастамаларға қатысу және тұрақты экономикалық өсім үшін жағдай жасау. Қытай жаһандық қауіпсіздікке жаңа көзқарастар қалыптастырып, ұзақ мерзімді тұрақтылық пен өркендеуге ықпал ететін шешімдер ұсынып жатыр, — деді Жамаладен Ибраһимұлы.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында алюминий бұйымдарын шығаратын зауыт ашылды

Келесі жаңалық

Түркістан облысында 66 ауыз су нысанының құрылысы жүріп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі