Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан облысында 66 ауыз су нысанының құрылысы жүріп жатыр

12 августа, 2025
in Қоғам
0
Түркістан облысы 6 ай нәтижесінде макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада бірінші орынға шықты
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында тұрғындарды ауыз сумен қамту жұмыстары тұрақты жалғасып, бұл бағытта биыл 66 нысанның құрылысына бюджеттен қажетті қаржы қаралған. Аталған мәселе мен өңірдегі өзге де түйткілдер облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен кезекті апталық мәжілісінде талқыланды. Жиынға жауапты басқарма басшылары мен мамандар қатысты. Облыс әкімі ауыз су кезек күттірмейтін мәселе екендігін айтып, жауаптыларға тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін барлық мүмкіндікті пайдалануды тапсырды.
– Биыл тапсырылатын нысандарды мерзімінде және сапалы аяқтауды тапсырамын. Ауыз су кестемен берілетін елді мекендердің мәселесін жан-жақты пысықтап, шешу жолдарын қарастыруды және жыл соңына дейін жоспарланған 38 елді мекендерді ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз ету қажет. Құрылыс жұмыстарының барысына күнделікті мониторинг жүргізіп, апта сайын мәлімет енгізіңіздер. Жыл соңына дейін қаржылар мерзімінде игерілмесе аудан әкімдерінің тәртіптік жауапкершіліктері қаралатынын ескертемін, – деді облыс басшысы.
Биыл облыста 38 су құбыры іске қосылады, 28 нысанның құрылыс жұмыстары 2026 жылға өтпелі. Сонымен қатар 30 елді мекенге жаңа су құбырлары жетіп, тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартудан өтеді. Бұл бағытта арнайы мониторинг жүргізіледі.
Республикалыық және облыстық бюджеттен бөлек ауылдарды таза ауыз сумен қамту жұмыстарына арнайы қорлардан да қаржылар бөлінуде. Соның бірі мемлекеттен қайтарылған активтер есебінен де қазір өңірде құны 5 млрд теңге болатын Шардара топтық су құбырын салу жұмыстары жүріп жатыр. Қор қаражатынан Жібек жолы, Шеңгелді, Ақ үй, Қаратөбе, Жуантөбе, Жаңадәуір, Есікқорған, Құйған, Ақсу ауылдарындағы сумен жабдықтау жобаларына 4,2 млрд теңге бөлінді.
Ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары Сарыағаш, Қазығұрт, Келес, Ордабасы және Отырар аудандарында да жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Сарыағаш ауданындағы магистральді су құбырын жаңарту жұмыстарын аяқтау үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінгені хабарланған еді. Бұл жоба 260 мыңнан астам халқы бар 66 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосуға мүмкіндік береді
Облыста ауыз сумен жабдықтау қызметтерімен 17 су беруші мекеме айналысады.
Бүгінде елді мекендерге барлау жұмыстары жүргізіліп, арнайы индикаторлар енгізілді. Мердігер мекемелермен келісімшарт орнатылып, құрылыс жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда Ордабасы, Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш, Келес аудандарын ауыз сумен толық қамту шаралары жан-жақты зерделеніп, бірнеше аудандарда су нысандарының құрылысы аяқталса, кейбірінде ұңғыманы бұрғылау жұмыстары жалғасып жатыр. Осыған дейін 215 елді мекен жоспарға енгізіліп, оның 86 елді мекенінде ауыз су мәселесі шешілген-ді.
Биыл облыс көлемінде 129 елді мекенге кестеге сай ауыз су беріліп жатыр. Соның ішінде 68 елді мекендегі оқшау су жүйелері аудан, қала әкімдіктерінің меншігінде болса, 61 елді мекендегі топтық су жүйелері министрлікке қарасты «Қазсушар» РМК-ның теңгерімінде. Биыл жоспарға сәйкес, 24 елді мекенге тәулік бойы су жеткізу жоспарлануда. Қалған 20 елді мекенді үздіксіз ауыз сумен қамту шаралары келесі жылы атқарылады.
Айтып өту керек, ауыз су мәселесі қазір тек Түркістан облысының аумағында ғана емес жер шарындағы ортақ мәселеге айналып барады. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар жыл өткен сайын жанданбаса төмендемеуі тиіс. Ол туралы Ел Президентінің өзі жолдауында былай деген болатын
«Су ресурсы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұр. Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін. Жалпы біз – трансшекаралық су көздеріне тәуелді елміз. Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар – баршамызға ортақ табиғат байлығы. Осы су көздері біздің халықтарымызды, экономикамызды жақындастырады. Сондықтан көршілес әрі достас елдермен бұл мәселе бойынша әрдайым өзара түсіністікке және келісімге келу керек. Жан-жақты ойластырылған су саясатын жүргізу, трансшекаралық суларды пайдалану мәселелерін шешу – үкіметтің алдында тұрған аса маңызды міндеттер».
Saraptims.kz.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысының делегациясы Қытайда маңызды келіссөздер жүргізді

Келесі жаңалық

Сиыр сүйегін өңдейтін зауыттың капсуласы салынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі