Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Сиыр сүйегін өңдейтін зауыттың капсуласы салынды

12 августа, 2025
in Экономика
0
Түркістан облысы 6 ай нәтижесінде макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада бірінші орынға шықты
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында «Tangshan Huating Ceramics Co., LTD.» компаниясының сиырдың сүйегін өңдеп, пептон, желатин қоспасын дайындайтын зауыт салынады. Бүгін облыс басшысы Нұралхан Көшеров Ордабасы ауданына жұмыс сапарымен барып, шетелдік инвестормен бірге Қазақстанда әзірге баламасы жоқ зауыттың капсуласын салды.
– Бүгін біз Түркістан облысы үшін ғана емес, жалпы еліміз үшін аса маңызды жобаның басталуына куә болып отырмыз. Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласына инвесторлар тартып, терең өңдеу саласын дамытуды тапсырды. Осы бағытта Түркістан облысында нақты жұмыстар қолға алынып, инвесторлармен келіссөз жүргізілді. Нәтижесінде «Huating Biotechnology Co., LTD.» компаниясымен жаңа зауыт ашу туралы келісімге келдік. Өздеріңіз білесіздер, Түркістан облысы – ауыл шаруашылығы дамыған өңір және аталған саладағы көрсеткіштер бойынша республикада бірінші орында тұр. Дегенмен терең өңдеу саласына әлі де көп жұмыстар атқаруымыз керек. Әсіресе, мал қалдығын өңдеу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бүгін іргетасы қаланатын зауыт осы мәселені шешуге бағытталған. Ірі қара малдың сүйегін терең өңдеп, өнім шығаратын зауыт толық іске қосылғанда 100 адам жұмыспен қамтылады. Мұндай ауқымды инвестициялық жобалар облысымыздың индустриалды әлеуетін көтеріп, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ шетелдік технология мен тәжірибе енгізіледі. Бұл – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін арттырып, ауыл шаруашылығын жаңғырту жолындағы нақты қадам. Осы орайда, жобаны жүзеге асыруды бастаған инвесторларға алғысымды білдіремін. Жаңа технологияларды енгізу арқылы облысымыздың экономикасы көтеріледі. Бастамаға сәттілік тілеймін! – деді Нұралхан Көшеров.
Айта кетейік, нысан 10 гектар аумақта орналасады. Жоба құны 9 млрд. теңгені құрайды. Мұнда ірі қара малдың сүйегі өңделіп, желатин өнімдері мен пептон қоспасы дайындалады. Жоба іске асқан соң 100-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Өндіріс қуаттылығы – жылына 5 мың тонна өнім өндіру. Заманауи зауыт 2026 жылы іске қосылады деп күтілуде.
Жалпы, Түркістан облысында инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте өңірдегі «TURAN» арнайы экономикалық аймағының маңызы зор. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді.
– «TURAN» арнайы экономикалық аймағының әлеуетін толық пайдалану керек. Бұл – экономка мен өндірісті дамыту үшін үлкен мүмкіндік. Осы аймақтан жер алып, жұмысты бастамаған тұлғалардан жер қайтып алынсын және айыппұл салу мәселесі қарастырылсын. Уақыт жоғалтуға болмайды. Әрбір жоба өз мерзімінде жүзеге асуы тиіс. Экономикалық аймақтың инфрақұрлымын жақсартуға қатысты жұмыстар да қатаң бақылауда болады, – деген Нұралхан Көшеров жауапты басқарма мен экономикалық аймақ басшысына, Мақтаарал, Сауран аудандары мен Кентау, Түркістан қаласының әкімдеріне инвестициялық жобаларға, инфрақұрылымға қатысты міндеттемелер жүктеді. Жұмысты ширатуды тапсырды.
Өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Шонбасовтың айтуынша, 2019 — 2025 жылдардың қорытындысы бойынша «TURAN» АЭА-ның инвестициялық портфелі жалпы құны 751,6 млрд. теңге болатын 221 жобаны құрады. Оның ішінде 253,9 млрд. теңгені құрайтын 39 жоба жүзеге асырылып, 1353 тұрақты жұмыс орны құрылған. 464,6 млрд. теңгеге 137 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек АЭА аумағында 34,1 млрд. теңгеге 45 жоба жүзеге асып, қонақүйлер, туристік кешендер, сауда ойын-сауық орталықтары елге қызмет көрсетуде.
Қатысушы есебінде тіркелген жобалардың құрылысы барысында жаңа 11236 жұмыс орындарын құру жоспарланған. Осы жыл соңына дейін 46,5 млрд. теңгеге 1360 тұрақты жаңа жұмыс орнын құратын 20 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Қазіргі таңда жаңадан қосымша 104 млрд. теңгені құрайтын 11 әлеуетті жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен бірге арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымын жетілдіру, инвесторларға қолайлы жағдай жасау бағытында да тиісті тірліктер атқарылып келеді. Өнеркәсіптік аймақтар газбен, қоршаумен, абаттандыру, су және кәріз жүйелерімен қамтылуда. Тиісті жұмыстар жалғасады.
«TURAN» АЭА-да тіркелген, ашылған және енді ашылатын ең ірі өндіріс орындарына тоқталсақ, олардың қатарында «BASPOLYMER» ЖШС-нің полимерлі құбырлар, пластмасса бұйымдары, тамшылататын таспалар шығаратын ірі зауыты, «QazEcoPack» ЖШС-нің бастапқы және қайталама полиэтилен шикізатынан орау материалдарын (скотч, стрейч-пленка, полиэтилен, көпіршікті пленка) өндіретін кәсіпорны, «PSI Mineral Technologies» ЖШС-нің тау-кен металлургия кешеніне арналған ауыр техника шығаратын зауыты, «АЛТЫН ДАЛА МАҚТА» ЖШС-нің біріктірілген қоймасы бар ПВХ құбырларын шығаратын зауыты, «KZ_Unicol» ЖШС-нің әртүрлі жарықтандыру құрылғыларының сэндвич-панельдерін шығаратын зауыты, «ER-QAN GROUP» ЖШС-нің орамдағы полиэтилен пакеттер және бір рет қолданылатын пластик ыдыстар (тамақ өнімдері үшін) шығаратын зауыты бар. «Silk Way International» ЖШС-нің ауыл шаруашылығы машиналары мен бөлшектерін өндіру және құрастыру зауытын, «Kazakhstan Lihua» ЖШС-нің толық циклді тоқыма өнімдерін өндіруге арналған мақта агроөнеркәсіптік кешенін, «Qaz Natural Laminat» компаниясының ағаштан және тығыннан жасалған бұйымдарды өндіру, сабан бұйымдары мен тоқыма материалдарын өндіру кәсіпорнын ашу да көзделген.
Айта кетейік, жыл басынан облыс экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор бойынша 6 ай қорытындысымен өсім 118%-ды құрап, облыс республика көлемінде бірінші орынға шықты.

Saraptims.kz.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында 66 ауыз су нысанының құрылысы жүріп жатыр

Келесі жаңалық

Балық бағатындар саны артып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі