Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Түркістан облысында мақтаны өткізу бойынша мәселе азаяды

23 сентября, 2025
in Экономика
0
Түркістан облысында мақтаны өткізу бойынша мәселе азаяды
0
SHARES
28
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мақта терім науқанында туындайтын мәселелер мен келеңсіздіктерді дер кезінде саралап, жедел шешу мақсатында Түркістан облысында арнайы штаб құрылып, жұмысын атқаруда. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Жетісай ауданында штабтың кезекті отырысын өткізді. Онда Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарындағы қазіргі жағдай туралы аудан әкімдерінің орынбасарлары баяндама жасады.
Жалпы, Жетісай ауданында 4153 шаруашылыққа 76 мақта қабылдау бекеті қызмет көрсетуде. Мақта сапасын 6 зертхана анықтайды. Мақтааралда 5069 шаруашылықтың өнімін 60 бекет қабылдайды, мұнда 25 зертхана жұмыс істейді. Ал Шардарадағы 1460 шаруашылық 35 бекетке мақта тапсырады. Мұндағы 18 зертханада өнім сапасы тексеріледі.
Мақта өңдеу зауыттарының басшылары науқанға дайындық барысы мен өндірістік мүмкіндіктері туралы мәлімет берді. Штабқа жұмысшы топтың апталық есебі де ұсынылды.
Науқан барысында техникалық қауіпсіздікті сақтау және алаяқтық әрекеттерге жол бермеу бойынша тиісті тапсырмалар нақтыланды.
— Өзекті мәселелердің басым бөлігі мақта қабылдау бекеттерінде зертханалардың болмауынан туындайды. Мақта өңдеу зауыттары өз бекеттерін зертханалармен толық қамтамасыз етуі тиіс. Мақта бағасы нарыққа тәуелді, дегенмен қазіргі деңгейден төмендемеуі керек. Шаруалардың еңбегінсіз зауыттарға өнім жоқ. Сондықтан бірінші кезекте еңбекті бағалауымыз қажет. Кәсіпкерлер де назардан тыс қалмайды, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау жалғасады, – деді облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде.
Биыл облыс бойынша 145 мың гектар жерге мақта дақылы егілген. 470 мың тонна өнім жинау жоспарланып отыр. Мақта зауыттары «Кең дала – 1» және «Кең дала – 2» бағдарламалары арқылы қаржыландырылуда. Сондай-ақ шитті мақтаны толық көлемде сату мақсатында шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын жеке бақылауға алатынын ескертті.
Бұл бағттағы жұмыстар тек мұнымен шектелмейді. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін Түркістан облысы тағы бір халықаралық ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қадам басуда. Шикізатты арзан бағамен шетелге сатпай, өзімізде мата, киім, дайын өнім шығару – жаңа экономикалық деңгейдің бастауы. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров әлемдегі ең ірі мақта-мата өнімдерін өндірушілердің бірі Texhong Group басшыларымен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Әкім инвесторға өңірде мақта кластерін дамытуға атсалысуды ұсынды. Тараптар өңірде мақта кластерін дамытуға үлес қосып, жылына 300 мың тонна мақта өңдейтін бірнеше заманауи зауыттар салу жоспары талқыланды.
Түркістанда мақта өсіріледі, өңделеді, одан мата тігіліп, киім шығарылады. Осы толық тізбекті жасап, дайын өніммен әлемдік нарыққа шығу – басты мақсат.
– Бізге мақта егумен қатар оны терең өңдейтін өндірістер қажет. Бұл бағытта Texhong сынды алпауыттармен әріптестік – біздің стратегиялық таңдауымыз. Біз сіздерге барлық қажетті мемлекеттік қолдауды ұсынамыз. Түркістан облысында инфрақұрылыммен қамтылған индустриялық аймақтар бар. Мен және осы салаға жауапты басшылар әр инвестормен жеке байланыстамыз. Кәсіптеріңізді мақтаның отаны саналатын Түркістан өңірінде дамытуға шақырамыз. Әкімдік тарапынан барлық қолдау мен сүйемелдеу болады. Мақта – біз үшін тек ауыл шаруашылығы емес, индустриялық серпіліс құралы, – деді Нұралхан Көшеров.
Texhong Group – тоқыма өндірісіндегі жаһандық көшбасшы. Компания жыл сайын 900 мың тонна мақта өңдейді. Қытай, Вьетнам, Түркия, Мексика және Никарагуа елдерінде өндірістік базалары бар. Компания құрамында иірім жіп және мата өндірісі, индустриялық парктерді дамыту және күн энергетикасы арқылы энергия өндіру бағыттары бар. Компания энергияны күн көзінен, газдан өндіреді және қажет жағдайда қосымша қуат көздерін де іске қоса алады. Яғни, өндірісті өз энергиясымен толық қамтамасыз етуге қауқарлы.
Бүгінде Түркістан облысында жылына 150 мың гектарға мақта егіліп, 270 мың тоннаға жуық өнім жиналады. Жеңіл өнеркәсіп саласында да үлкен мүмкіндіктер бар. Су үнемдеу технологияларын енгізген шетелдік инвесторлар элиталық мақта сорттарын өсіріп, саланы сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеріп отыр. Бүгінде өңірде 25 мақта өңдеу зауыттары бар. Иірілген жіп және мата өндірісін қамтитын тоқыма кластерлерін құру жоспарда бар. 2027 жылға дейін облыста 5 тоқыма кластерін іске қосу көзделуде.
Облыста осы жылы мақта алқабы 38 мың га артып жалпы 144,5 мың гектарда мақта егілуде, ағымдағы жылы 470 мың тоннаға жуық шитті мақта жиналуы күтілуде. 50 мың га алқапта озық технологияларды қолданумен егілуде.
Облыста 20 индустриялық аймақ пен дайын өндірістік парк жұмыс істейді. Инвесторлар үшін барлық қажетті инфрақұрылым тартылған. Бұл – шикізатқа бай, инфрақұрылымы дайын, еңбек ресурсы мол Түркістанды шетелдік инвесторлар үшін ерекше тартымды етеді.
Texhong-ның Түркістанға келуі – тек инвестиция ғана емес, технология мен тәжірибе трансфері. Атап айтқанда, тұрақты жұмыс орындары ашылады, экологиялық таза өндіріс стандарттары енгізеді және жаңа кәсіптік оқыту үлгілерін енгізуге ықпал етеді. Бұл – облыстың индустриялық кластерін дамытудағы жаңа серпін.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібі өркендеп тұр

Келесі жаңалық

Шардарада жақында жылына 150 000 тонна жүгеріні терең өңдеуге арналған зауыт ашылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі