Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Шардарада жақында жылына 150 000 тонна жүгеріні терең өңдеуге арналған зауыт ашылады

24 сентября, 2025
in Экономика
0
Шардарада жақында жылына 150 000 тонна жүгеріні терең өңдеуге арналған зауыт ашылады
0
SHARES
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Жақында Түркістан облысының Шардара ауданында жылына 150 000 тонна жүгері дәнін терең өңдеуге арналған ірі зауыт іске қосылады»- деп, хабарлайды saraptimes.kz
Ақпарат көзінің хабарлауынша қазіргі таңда зауыттың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Егер Крахмал-сірне кәсіпорыны іске қосылса оның өнімдері ішкі нарықпен қатар, Азия және Еуропа елдеріне экспортталмақ. Бұл еліміздің экспорттық әлеуетін арттырып, өңірдің инвестициялық тартымдылығын жаңа деңгейге көтереді.Сонымен қатар зауыт іске қосылғаннан кейін 550 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне де айтарлықтай әсер етеді. Бұл – Шардара және көршілес аудандар үшін үлкен әлеуметтік әрі экономикалық мүмкіндік.
Осыны ескерген Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жақында Шардара қаласындағы индустриялық аймақта салынып жатқан ауқымды инвестициялық жобаның құрылтайшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Закиржан Кузиевпен кездесті. Зауыт басшылығы жобаны іске асыруға қолдау көрсетіп отырған Түркістан облысы әкімдігіне алғысын білдіріп, өндірісті жедел іске қосуға дайын екенін жеткізді. Кездесу барысында тараптар жаңа кәсіпорынды іске қосуға дайындықтың соңғы кезеңдерін пысықтады. Сонымен қатар жұмыспен қамту, шикізатпен қамтамасыз ету, логистика, ішкі және сыртқы нарыққа өнім жеткізу тетіктері талқыланды. Қазіргі таңда 250-ге жуық жергілікті тұрғын жұмысқа тартылып, зауыттың ашылуына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Кездесу барысында кәсіпорынның қазіргі жағдайы, өндірістік қуаты мен ашылу алдындағы дайындық жұмыстары жан-жақты қарастырылып, жобаның өңір экономикасы мен агроөнеркәсіптік кешеніне қосар үлесі жоғары бағаланды. Мақталы аймақта жүгеріні терең өңдейтін ірі зауыттың іске қосылуы – экономиканы әртараптандыру жолындағы маңызды қадам. Қазіргі уақытта өңір шаруалары зауытты шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында жүгері өсіруге бет бұрған.
2023 жылы басталған құрылыс жұмыстарының бірінші кезеңінде жүгеріні қабылдау, кептіру және сақтау кешендері салынды. Қазіргі таңда жобаның екінші кезеңі – жүгеріні терең өңдеу өндірісінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл кешен 2025 жылы толық іске қосылады деп жоспарланған.
«Казкрахмал» ЖШС зауытында крахмал, сірне, тағамдық глюкоза, мальтоза шәрбаты, жүгері майы, глютен, ұрық, кебек және түйірленген құрама жем сияқты 20-дан астам өнім түрі өндіріледі. Сірне – табиғи қант алмастырғыш ретінде кондитерлік және сусын өндірісі салаларында кеңінен қолданылады. Айта кетерлігі, өндірісте генетикалық түрлендірілмеген (ГМО-сыз) жүгері пайдаланылады және қалдықсыз өңдеу технологиясы жолға қойылған.
Шардарада бой көтеріп жатқан бұл заманауи крахмал-сірне зауыты – агроөнеркәсіп пен индустрияны байланыстыратын маңызды буын. Ол тек экономикалық өсімді қамтамасыз етіп қана қоймай, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға, ауыл шаруашылығы құрылымдарының табысын арттыруға да оң әсер етпек.
Жалпы Түркістан облысында 2025 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 34 мың гектарға ұлғайып, жалпы 907 мың гектарға жетті. Оның ішінде дәнді дақылдар 341 мың гектарға, майлы дақылдар 73 мың гектарға, көкөніс пен картоп 55,9 мың гектарға, бақша дақылдары 61,6 мың гектарға, ал мал азықтық дақылдар 229,9 мың гектарға орналастырылды. Тек Шардара ауданының өзінде 60 мың гектар аумаққа жүгері дақылы егілді. Егіс көлемінің ұлғаюына жаңа су үнемдеу технологияларының және қайта өңдеу саласының қарқынды дамуыенгізілуі әсер етті.
Бұл көрсеткіштер облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде талқыланды. Жиында аймақ басшысы жауапты тұлғаларға Мемлекет басшысының тапсырмаларын уақытылы орындауды қатаң тапсырды. Ол бекітілген жоспардың толық орындалуы керектігін атап өтіп, мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдаулар көрсетіліп жатқанын айтты. Әкім субсидия алған шаруаларға тұрақты түрде мониторинг жүргізуді және 2025 жылға белгіленген индикаторлардың толық орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді.
Аппарат мәжілісінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаев сөз сөйлеп, саладағы негізгі жұмыстар жайлы баяндады. Оның айтуынша, көктемгі дала жұмыстарына жанар-жағармай бөлу, несие беру, минералды тыңайтқыштар мен тұқым тарату шаралары белгіленген мерзімде жүзеге асырылған. Жиын-терім жұмыстарына 38 мың тонна жанар-жағармай бөлініп, оны босату жұмыстары әлі де жалғасуда. Шаруалар биылғы жылы 1106 дана жаңа техника сатып алып, ауыл шаруашылығы техникасының паркі алты пайызға жаңартылды. Сонымен қатар облысқа тыңайтқыш өндірушілер мен сатушылар тарапынан 206 мың тонна минералды тыңайтқыш жеткізілген. Оның 101 мың тоннасына мемлекет тарапынан субсидия төленген.
saraptimes.kz

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында мақтаны өткізу бойынша мәселе азаяды

Келесі жаңалық

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар көптеп салынады.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі