Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Ауыл

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар көптеп салынады.

24 сентября, 2025
in Ауыл
0
Шардарада жақында жылына 150 000 тонна жүгеріні терең өңдеуге арналған зауыт ашылады
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Түркістан облысында алдағы уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар көптеп салынады»- деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз хабарламасына сілтеме жасап saraptimes.kz
Ақпарат көзінің хабарлауынша бүгінде өңірде ірі инвестициялық жобалар көптеп жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, мақтаны, күрішті және өсімдік майын қайта өңдейтін зауыттардың құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорын мен ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасының құрылысы да жоспарда бар.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығына арналған полиэтилен мен крахмал негізіндегі биологиялық ыдырайтын пластикалық бұйымдар өндірісі, органикалық қалдықтарды қайта өңдеу зауыты, тамшылатып суару жүйесі өндірісі, автоматтандырылған кірпіш зауыты, металл конструкциялары мен бұйымдарын шығаратын өндірістер іске асырылмақ. Бұл жобалардың барлығы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауында.
Бүгін облыс әкімінің төрағалығымен Өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында жүзеге асырылып жатқан жобалардың жай-күйі мен келешектегі бастамалар сараланды. Облыс әкімі әрбір жобаны инвестормен жеке-жеке талқылап, өзекті мәселелерді ашық көтерді. Аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Басқосуда жобалардың инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу жайы да талқыланды. Облыс әкімі инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал етіп отырған ірі компанияларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты. Инфрақұрылым дамыса, жаңа жұмыс орындары ашылып, өңір экономикасы ілгерілейді.
– Біздің өңір үшін бұл инвестициялық жобалардың маңызы зор. Қазіргі таңда барлық аудан-қалаларда өндірістік нысандар мен зауыттар ашуға басымдық беріліп отыр. Әкімдік тарапынан толық қолдау көрсетіледі. Аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары әрбір инвесторға нақты көмек көрсетіп, жобаларды толық сүйемелдеуі тиіс. Инвесторлар да өз кезегінде жобаларды мерзімінде іске асыруға жауапты, – деді Нұралхан Көшеров.
Штаб отырысында басқа да жобалардың іске асу барысы қаралды. Оның ішінде кестеден кешігіп жатқан жобалар бойынша жұмыс қарқынын арттыру тапсырылды. Атап айтқанда, Түркістан қаласында қуаттылығы 27,6 МВт болатын газпоршенді жылу электр станциясының құрылысы мен іске қосылуы ерекше назарға алынды.
Айта кетейік, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Өңірлік инвестициялық штабтың жұмысы жүйеленіп, жаңа жобалар белсенді іске қосылуда. Түркістан облысында инвестиция тарту бағытындағы жұмыс күшейіп келеді.
Сол жұмыстың нәтижесінде биылғы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысына 694,6 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 133,8%-ға артқан. Тартылған инвестицияның 72,3%-ы – жеке инвестиция.

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемін екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында облыста ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Биылғы маусым айында басталған астық ору науқаны толығымен аяқталып, гектарына орта есеппен 12 центнерден өнім алынды. Нәтижесінде 337 мың тонна астық жиналды. Сонымен бірге облыс диқандары 9 мың тонна мақсары, 791 мың тонна көкөніс, 1,1 миллион тонна бақша өнімдері және 234 мың тонна картоп жинады. Мал азықтық дақылдар бойынша 5,2 миллион тонна өнім дайындау жоспарланып, қазіргі таңда 3,9 миллион тоннасы қамдалды.
Мал шаруашылығы да тұрақты даму үстінде. Бұл сала өңірдің ет экспортындағы әлеуетін едәуір арттырып отыр. Қазіргі таңда республика бойынша экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80 пайызы және қой етінің 75 пайызы Түркістан облысының үлесіне тиесілі. Биылғы жеті айдың ішінде экспортқа 20,8 мың тонна ірі қара мал еті және 13,4 мың тонна қой еті жөнелтілді.
Өңірде ет кластерін дамыту мақсатында жалпы құны 51,3 миллиард теңгені құрайтын жеті ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалардың толық іске асуы жылына қосымша 35 мың тонна ет өндіруге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде ет экспорты екі есеге ұлғаяды. Бұдан бөлек, облыста биыл құны 134 миллиард теңгені құрайтын 29 жоба жүзеге асырылмақ. Бұл жобалар аясында 1456 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Қазіргі таңда құны 56,7 миллиард теңгені құрайтын 17 жоба іске асырылып, 626 жаңа жұмыс орны құрылды. Жыл соңына дейін жалпы құны 77,3 миллиард теңгеге тең 12 ірі инвестициялық жоба жүзеге асып, өңірдің агроөнеркәсіп кешені жаңа серпін алмақ.
saraptimes.kz

Алдыңғы жаңалық

Шардарада жақында жылына 150 000 тонна жүгеріні терең өңдеуге арналған зауыт ашылады

Келесі жаңалық

Түркістан облысында агроөнеркәсіп кешеніне 8 айда 121 млрд. теңге инвестиция тартылған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі