Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан облысының аудандарындағы ахуал да жақсарып келеді

3 ноября, 2025
in Қоғам
0
Түркістан облысының аудандарындағы ахуал да жақсарып келеді
0
SHARES
32
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының аудандарындағы ахуал да жақсарып келеді деп хабарлайды saraptimes.kz. Ақпарат көзінің хабарлауынша ол үшін облыста инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға арналған арнайы аймақтардың саны артып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, Түлкібас ауданында шағын өнеркәсіптік аймақтар салу жұмыстары қолға алынды. Бүгінде ауданға қарасты Майлыкент, Тастұмсық, Балықты және Машат ауылдық округтерінде шағын өнеркәсіптік аймақтардың орны белгіленіп, кәсіпкерлік нысандардың құрылысы басталды.
Қазіргі таңда іске асып жатқан нысандарға су, электр энергиясын жеткізу және жолға тас төсеу жұмыстары қолға алынды.
Бұл аймақтарда өз кәсібін ұлғайтуға және жаңадан кәсіп ашуға ниетті кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдаулар көрсетілмек. Нақтырақ айтқанда, қажетті нысан салуға жер телімі қарастырылып, қажетті инфрақұрылым тартылатын болады.
Шағын өнеркәсіптік аймақ кәсіпкерлерге жаңа жобаларды жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік. Аталған жоба аудан аумағында шағын және орта бизнестің дамуына зор септігін тигізіп ғана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етпек.
Ал, Сарыағаш ауданына қарасты Қабланбек ауылдық округі аумағында қуаттылығы 5 МВт шағын электр станциясы жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жобаны «Ынтымақ» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі қолға алған.
Бүгінгі таңда жобаны іске асыру үшін құжаттар рәсімделіп, құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңі басталып кетті. Нақтырақ айтқанда, нысанға апаратын жол мен көпір құрылысы жүргізілуде.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев нысанның құрылыс барысымен танысып, жобаның сапалы әрі уақытылы іске асырылуы басты назарда екені атап өтті. Аудан әкімі «Ынтымақ» АӨК өкілдерімен кездесіп, алдағы жоспар мен жобаның іске асу кезеңдерін талқылады.
Айта кетейік, аталған жоба іске қосылғанда өңірдегі электр энергиясына деген сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.
Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мақсатында Түркістан облысы, Сонымен қатар билы, Сауран ауданында Ескі Иқан елді мекеніне дейін магистральді су құбырының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жоба 2024 жылы қолға алынған. Нысанды биыл толық аяқтап, пайдалануға тапсыру көзделуде.
Жұмыстар Сауран ауданы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен іске асырылуда.
Жоба бойынша су құбырының жалпы ұзындығы 45 898 метрді құрайды. Құрылғының есептік өнімділігі – тәулігіне 3135,3 текше метр, сағатына – 188,23 текше метр немесе 42,29 литр/секунд. Ал қуаттылығы 60 кВт шамасында.
Аталған нысан іске қосылғанда Ескі Иқан және оған жақын орналасқан елді мекен тұрғындары тұрақты әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.
Жалпы, Түркістан облысында 2025 жылы автомобиль жолдары саласын дамыту мақсатында 1 235,6 шақырым жол мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған. Жыл қорытындысымен 951,4 шақырымы пайдалануға беріледі деп көзделуде. Бұл жайында Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
«Қазіргі таңда облыстық маңызы бар 225,2 шақырым жолдың құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Одан бөлек, аудандық маңызы бар 130,7 шақырым көшеге, елді мекендердегі 885,6 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 140 елді мекенде жалпы ұзындығы 395,5 шақырым көшеде құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Биыл жыл қорытындысымен жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 94,7%-ға жеткізу жоспарланған. Құрылыс жұмыстарының сапасы «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК ТО филиалының тұрақты бақылауында» — деді спикер.
Сонымен қатар, басқарма тарапынан қаржыландыруды қажет ететін 4 көпір және жалпы ұзындығы 132,6 шақырымдық 7 жолды күрделі жөндеуден өткізу жобасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған. Одан бөлек, жаңадан 33,4 шақырым жолға жоба әзірленуде. Айта кетерлігі, Түркістан облысы аумағында автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнатуға 7 жол аймағы белгіленген. 2024-2025 жылдары Арыс қаласындағы Арыс-Темірлан, Арыс-Қабылсай жолдарына орнатылды. Биыл Сайрам ауданында Қарамұрт-Ақсукент автомобиль жолының бойына 2 жерге аталған станцияны орнатуға қаржы қаралды. Қазіргі таңда мердігер мекеме анықталып, жұмыстар басталған.

Алдыңғы жаңалық

Маман: Алаяқтарға 25-40 жас аралығындағы азаматтар жиі алданады

Келесі жаңалық

Түркістан облысында ауыл шаруашылығында өнім мен табыс молайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі