Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Ауыл

Н. Көшеров: Ауылдарды дамыту- біздің басты бағытымыз

3 ноября, 2025
in Ауыл
0
Н. Көшеров: Ауылдарды дамыту- біздің басты бағытымыз
0
SHARES
32
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Халқының 80 пайызы ауылды жерде тұратын Түркістан облысында биыл көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 90 пайызға жуықтайды. Ол үшін биыл облыс аумағындағы 37 ауыл ортмлықтандырылған газ құбырына қосылады. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеров басымылымдардың біріне берген сұхбатында мәлімдеді.
– Қазақтың жаны, дәстүрі мен болмысының қайнар көзі ауылды дамыту – біздің өңірдің әлеуметтік-экономикалық саяса­тының басты стратегиялық бағыт­та­рының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа президенттік мерзімдегі алғашқы тапсырмаларының бірі – ауылды дамыту, халықтың табысын арттыру және жұмыспен қамтуды күшейту. Бұл бастама ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсартуға, олардың өз кәсібін ашып, табыс табуына мүмкіндік беруді көздейді.
Аудан, қала тұрғындарымен кездесу барысында инфрақұрылым мәселесі жиі көтеріледі. Біз халық­тың сұранысына және бюджеттің мүмкіншілігіне қарай ол мәселені кезең-кезеңімен жоспарлы түрде шешіп келе жатырмыз. Елді мекен­дерді ауызсумен қамту деңгейі 95 пайыз немесе 763 елді мекен қамтылған. Осы жылы 30 елді мекенге жаңадан ауызсу құбырын жүргізіп, 11 елді мекеннің тозған жүйелері жаңартылады. Табиғи газ өткен жылы 53 елді мекенге тартылып, жалпы қамтылған елді мекендер саны 563-ке жетті. Халықты табиғи газбен қамту көрсеткіші 85,5 пайызды құрады. Биыл қосымша 37 елді мекен газға қосылып, халықтың қамтылуын 88,9 пайызға жеткіземіз. Орталық­тандырылған электр қуатымен облыстың барлық дерлік елді меке­ні қамтылған. Шалғай орна­лас­қан шағын ауылдарды қоспа­ғ­ан­да. Олар баламалы электр қуаты­мен қамтамасыз етілген. Кезең-кезеңімен тозған жүйелерді жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен жылы 44 елді мекен­нің желілері жаңартылды. Биылғы жылы қосымша 22 елді мекен жаңғыртудан өтеді. Жергі­лікті маңызы бар автомобиль жолдарының қанағатты жағ­дай­­дағы үлесі 93,7 пайызды құрай­ды. Биыл 289 нысан немесе 1 236 шақырым жол құрылыс-жөндеу жұмысы жүргізіліп, пайдалануға беріледі. Қанағатты жағдайдағы жолдың үлесін 94,7 пайызға жеткіземіз.
Әлеуметтік қамсыздандыруға тоқталатын болсақ, өздеріңізге белгілі, облыста туу көрсеткіші жоғары. Көпбалалы отбасылардың төрттен бірі өңірімізге тиесілі. Сол себептен де, облыста әлеуметтік көмекке тұрғындарымыз көптеп жүгінеді. Дегенмен, әр отбасыға талдау жасап, белсенді жұмыспен қамту шараларын ұсыну есебі­нен соңғы 3 жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын 2 есеге азайтуға қол жеткіздік. Нәтижесінде, кедейшілік деңгейі 9,4 пайыздан 4,4 пайызға дейін төмендеді. Осы жылы олардың санын 76 мыңға немесе 2,7 пайызға кемітуді жоспарлап отырмыз.

Жыл басынан 130 мың жаңа жұ­мыс орны ашылып, жұ­мыс­сыздық деңгейі 4,7 пайыз дең­гейінде қалыптасты. Облыста жалпы 1 438 балабақша жұмыс істейді, 155 мың бала тәрбиеленеді, 2-6 жастағы балаларды қамту дең­гейі 99 пайызды құрады. Ал 1 093 мектепте 549 мың оқушы білім алады. Облыстық бюджет есебінен 17 мектеп құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл қорытындысымен 2 мек­теп пайдалануға тапсырылады. Қалғаны келесі жылға өтпелі. «Келешек мектептері» жобасы аясында қуаттылығы 23 000 орындық 29 мектеп құрылысы жоспарланған. Оның ішінде, 21 мектеп пайдалануға тапсырылды, 8 мектеп құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Денсаулық сақ­тау саласында жалпы 199 меди­циналық ұйым халыққа қызмет көрсетеді. Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау нысандарын жаңғыртуға үлкен назар аударылып отыр. Өткен жылы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыста жаңа 49 нысан салынып, пайда­лануға берілді. Облыстық бюджет күшімен қосымша жаңа 32 ғимарат жыл соңына дейін тапсырылады. Бұдан бөлек, Қазығұрт, Сарығаш және Шардара аудандық орталық ауруханалары күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Сондай-ақ жедел жәрдем қызметі сапасын арттыру мақсатында 60 арнайы автокөлік сатып алынды.
Ауылдарды дамыту тек көгілдір отын ауыз су жеткізуден тұрмайды. Елдімекендерді өркениет көшені ілестіру үшін мәдениет ошақтарын салып, халықтың соған тұрақты түрде баруын қамтамасыз ету керек. Түркістан облысында бұл бағыттағы жұмыстарда қарқынды.
Оған дәлел облыстағы 24 музейге келу­ші­лер саны 205 178 адамды құрап, өткен жылғы 9 аймен салыс­тыр­ғанда 5%-ға артып отыр. Биыл музейлерде 2 167 жәдігер жинақ­талып, жалпы жәдігер саны 178 134-ке жеткен. Қазіргі уақытта облыста 388 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Жалпы, кітап қоры 6 054 726 данаға жетіп отыр. Кітапханадағы оқырман саны 351 096 адамды құрап, 2024 жылғы 9 аймен салыстырғанда 2,5%-ға артқан. Облыс бойынша биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 7 мәдениет нысанында құрылыс жұмысы жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар биыл 9 нысанның құрылыс жұмысына қаржы бөлі­ніп, 2026 жылы пайдалануға беру көзделген. Жергілікті бюджет есебінен Түркістан қаласында 500 орындық мәдениет үйі пайда­лануға беріл­ді. Жалпы, өңірде мәдени нысандар­дың қатары ар­тып келеді. Мысалы, жуырда Мақ­таарал ауданы, Дос­тық ауылдық округіне қарасты Ж.Қал­шораев елді мекенінде жаңа мәдениет үйі мен кітапхана ел игілігіне берілді.
saraptimes.kz

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында үш кластерлік бағыт қарқынды дамиды

Келесі жаңалық

Түркістан облысы мен Ауғанстан ислам әмірлігі арасында байланыс беки түсуі ықтимал

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі