Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Түркістан облысына тартылған шетелдік инвестициялар көлемі 543,5 млн. ақш долларына жетті

17 ноября, 2025
in Экономика, Қоғам
0
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров инвесторлармен кездесіп, жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөз жүргізді
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының инвестициялық әлеуетін арттыру, жаңа өндіріс орындарын ашу мен экономикалық өсімді нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Облыста 2025-2028 жылдар аралығында 111 инвестжобалар пулы қалыптасып, бұл бағытта тұрақты жұмыстар жалғасуда. Жоба толық іске асқан жағдайда 23 915 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Биыл 58 инвестициялық жоба қолға алынып, нәтижесінде 8 250 тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Қазіргі уақытта 34 инвестжоба іске қосылып, 4889 адам жұмыспен қамтылды. Бұл бағыттағы атқарылған жұмыстар мен анықталған мәселелер бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен кезекті апталық мәжілісінде кеңінен талқыланды.
– Инвестициялық жобаларды сүйемелдеп, жүзеге асырылуын бақылауда ұстаңыздар. Осы салада бекітілген индикаторға қол жеткізбеген аудан, қала әкімдері мен орынбасарларының жауапкершілігі қаралады. Жұмысты ширатыңыздар, – деген Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.
Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Шонбасов өнеркәсіп саласындағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар легін баяндады. 
Түркістан облысының инвестициялық климатын жақсарту, өңірге отандық және шетелдік капиталды тарту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Биыл облысқа негізгі капиталға салынған инвестициялар көрсеткішін 1 трлн. 427,1 млрд. теңгеге жеткізу міндеті жүктелген. 9 айдың қорытындысымен облыстың капиталына тартылған инвестициялар көлемі 1 трлн. 12,2 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 115,9 %-ға жоғары. Бұдан бөлек 2025 жылға 475 млн. АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар тарту индикаторы бекітілген. II тоқсанның қорытындысымен тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 543,5 млн. АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар артығымен орындалды.
Жалпы жыл басынан бері 92-ден астам шетелдік компаниямен кездесулер өтіп, ҚХР, Иран және Өзбекстан елдеріне ресми сапарлар ұйымдастырылды. Нәтижесінде арнайы аймақтарда белсенді қоспалар мен дәрумендер өндірісі, кеңселік қағаз өндірісі, сэндвич-панельдер мен еден жабындыларын өндіру, тамшылатып суару жүйелерін енгізу, балыққа арналған құрама жем өндіру және өсімдік майын өндіру жобалары іске асырылмақ.


Өңірге шеттен тартылған қаржылардың арқасында Түркістан облысында өндіріс өркендеп, қайта өңдеу саласы да қарқынды дамып келеді. Ал облыстың орналасқан жерімен климаттық ерекшелігіне қарай ең басты сала саналатын ауылшаруашылығының да желкенін жел керіп тұр. Оның ішінде ірі қара етін экспорттауды айтпағанда өңірде соңғы уақытта құс шаруашылығыда қарқынды даму жолына түсті. Осы сөщіміздің дәлелі Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Кәсіпорын басшысы Мұрат Талманның айтуынша, бүгінде серіктестікте жұмыртқа өндіруге бағытталған 96 мың бас құс өсірілуде. Өндірілген өнімдер аудан мен облыс көлеміндегі сауда нүктелеріне жеткізіліп, жергілікті нарықты сапалы жұмыртқамен қамтамасыз етуде.
2025 жылы «Сарыағаш құс» ЖШС өндіріс аясын кеңейтіп, қосымша 50 мың басқа арналған құс фабрикасының құрылысын жүргізді. Құс өсіруге арналған заманауи жабдықтар Германия мемлекетінен әкелінген. Бұл – өнім сапасын арттыруға және өндіріс тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін маңызды қадам.
Сонымен қатар, серіктестік биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, құрама жем цехының құрылысын жүргізіп, пайдалануға енгізді. Жаңа цехтың іске қосылуы құс шаруашылығының өзіндік құнын төмендетіп, өнім көлемін арттыруға жол ашты.
Сондай-ақ, Сарыағаштағы индустриалды аймақта бүгінде «Альбарака 077» ЖШС-ның өсімдік майын өндіру цехының құрылысы да қарқынды. Егер аталған жоба уақытылы әрі сапалы аяқталса аймақтағы жұмыссыздық деңгейінде айиарлықтай төмендетеді. Айтып өту керек, жобанң жалпы қуаттылығы 800,0 млн теңгені құрайды. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 20 адамға тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорынға индустриялық аймақтан 3,0 гектар жер телімі бөлінген.
Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Цех ғимаратының қабырғалары көтеріліп, шатыр жабу жұмыстары атқарылуда.
saraptimes.kz

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров инвесторлармен кездесіп, жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөз жүргізді

Келесі жаңалық

Түркістан мен Хорезм облыстары туризмді бірлесе дамытады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі