Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістан облысына келетін туристер ссны 7 пайызға артқан

18 ноября, 2025
in Uncategorized, Мәдениет
0
Түркістан облысының делегациясы Қытай еліне жұмыс сапарымен барып, жаңа серіктестік мүмкіндіктерін талқылады
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында өткен жылмен салыстырғанда туризмнің оң өсімі байқалады. 2025 жылдың II тоқсанының қорытындысымен орналастыру орындарында демалғандар саны 151 мың адамға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңінен 7%-ға өскен. Орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі 3,98 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 27%-ға артып отыр. Сондай-ақ, осы жылдың 10 ай қорытындысымен өңірдегі табиғи аумақтарға 142,7 мың адам саяхаттаса, тарихи орындарға 911,2 мың адам барған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде баяндалды.


Облыс басшысы жауапты тұлғаларға туристер ағынын арттыру, жаңа бастамаларды іске асыру бойынша бірқатар тапсырма жүктеді. Сонымен бірге Өзбекстан сапарындағы кездесулер нәтижесі бойынша жұмыс жүргізуді, тың идеяларды қолға алуды тапсырды.
Жиында облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуовтің есебі тыңдалды. Оның мәлімдеуінше, 2025 жылдың 9 ай қорытындысымен туризм саласындағы негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 57,9 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 27%-ға өскен.
Биыл ішкі туристер санын 350 мың адамға, шетелдік келуші туристер санын 18 мың адамға жеткізу межеленген. Қазіргі таңда ішкі туристердің жалпы саны 273,7 мың адамды, ал шетелдік туристердің жалпы саны 19,1 мың адамды құрап отыр. Е-qonaq жүйесіне сәйкес осы жылдың 10 айында өңірге 43 802 шетелдік турист келген. Облысқа келуші шетелдік туристер бойынша ТОП-10 мемлекет қатарында Өзбекстан, Түркия, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Германия, Франция, Тәжікстан, Италия, Индия елдері бар.
Облыстың туристік әлеуетін таныстыру мақсатында жыл басынан бері Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Түркия, Италия, Қытай
елдерінің үздік 113 туркомпаниясына ақпараттық тур ұйымдастырылды. Сонымен қатар Түркияның «Albayrak Media Group», «TGRT», «TRT» телеарналарына, Белгияның «Porschist magazine» журналына, Ұлыбританияның «Travel Weekly», «The Telegrap», «The Week», «The Times», «Regent Holidays» және саяхат журнал өкілдеріне және «EuroNews» интернет порталына өңірдің туристік әлеуеті таныстырылды.
Мәжіліс барысында көршілес елдің тәжірибесін пайдалана отырып, туризмді дамыту бағытында бірқатар ұсыныстар айтылды. Мәселен, тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау және қалпына келтіру кезінде ЮНЕСКО талаптарын сақтай отырып, жаңа декорациялық тәсілдерді қолдану, заманауи экспозициялық технологияларды пайдалана отырып, тарихи тұлғаларға арналған мұражайлар ашу, тарихи тұлғалар мен оқиғаларды көрсетуге арналған мультимедиялық және голографиялық материалдар дайындау, Түркістан мұражайларында бейне инсталляциялар мен виртуалды көрмелер ұйымдастыру, ортақ турөнімдер жасау, қонақ үй, гид-экскурсовод және мейрамхана саласы мамандарын даярлау бойынша Халықаралық туризм академиясымен тәжірибе алмасу сияқты бастамалар айтылды. Негізінде Түркістан облысында туризм саласын дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған іс-шара жоспары әзірленген. Ол облыс әкімінің үнемі бақылауында. Ондағы индикаторлардың орындалуын Нұралхан Көшеровтың өзі үнемі бақылап отырады.
– Туризм саласы бойынша бекітілген идикаторлар орындалуы тиіс. Жұмысты ширатыңыздар. Облыстағы туристік нысандарды ретке келтіруді, туризм саласын дамыту мақсатында нақты қадамдық іс-шаралар жоспарын тез арада бекітуді тапсырамын, – деді Нұралхан Көшеров.
Облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуовтің айтуынша, 2029 жылға дейін аймақтағы туристер санын 1 млн. адамға жеткізу межеленген. Бұл мақсатты жүзеге асыру барысында облысқа келуші туристердің әртүрлі категориялары бойынша нақты көрсеткіштер белгіленген. Атап айтқанда, орналастыру орындарында қалған туристер саны 550 мың адамға жетуі тиіс. Осы арқылы өңірдің қонақүйлері мен туристік инфрақұрылымының деңгейі мен тартымдылығын арттыру көзделуде. Сонымен қатар табиғи аумақтарға келетін туристер санын 200 мыңға, ал емдік-сауықтыру орындарына келетін туристер санын 250 мыңға жеткізу жоспарлануда.
Өңірдің туристік инфрақұрылымын жақсарту бойынша туризм саласына инвестициялар тартылып, жаңа туристік бағыттар мен қызметтерді іске асыру, Түркістан облысының табиғи, мәдени және тарихи байлықтарын тиімді пайдалану арқылы аймақтың туристік тартымдылығын арттыру жоспарланып отыр. Екіншіден, өңірдің туристік кластерін дамыту көзделуде. Жоспар үш негізгі кластерді қамтиды: этнокластер, экокластер және курорттық кластер. Үшіншіден, облыстың туризм саласында жаңа қызметтердің түрлерін кеңейту міндеті қойылған. Оның ішінде агротуризм, спелеотуризм, белсенді экстримальді туризм, сафари туризмі және жаңа мұражайлардың қызметтерін жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Халықаралық туристік дестинацияларда туристерге ұсынылатын бірыңғай қызмет түрде қарқынды дамыған. Соның ішінде City Pass туристік картасы үлкен сұранысқа ие. Бұл ретте өңірдегі мұражайлар, қонақүйлер, ресторандар, такси қызметтері және туристерге көрсетілетін басқа да қызметтерді біріктіре отырып, жеңілдетілген бағада туристік бағдарламаларды сату арқылы экономикалық табысқа қол жеткізуге болады. Сондықтан Turkistan City Pass электрондық туристік карта жүйесі іске қосылады.
Өткен жылы Италияның «Alpin Tour», «Tomiris Travel» компаниялары мен серіктестеріне Түркістан облысының туристік бағдарламалары таныстырылып, Италия нарығында сатылымға шығарылған болатын. 2025 жылы Италия нарығынан 24 топ (әр топта орташа есеппен 20-25 турист) Түркістан облысына 2 күндік бағдарламамен келеді деп күтіліп отыр. saraptimes.kz

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында халықты таза ауызсумен қамту кқрсеткіші 98 пайызға жетті

Келесі жаңалық

Түркістан облысында 10 айда 66 спорт нысаны пайдалануға берілді.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі