Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

23 июля, 2020
in Білім, Жаңалықтар
0
ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ БОЙЫНША  ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
0
SHARES
23
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен 2020 жылғы 22 шілде сағат 15.00-де Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының кезекті отырысы онлайн жүйесінде өткізілді.
Бұл ғылыми жиын «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейінгі кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары» аясында ұйымдастырылды.
Отырыс ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Төраға орынбасары, Орфографиялық жұмыс тобының мүшесі – Әділбек Қабаевтың төрағалығымен өтті. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева қатысып, жаңа әліпбиді енгізу мәселелері бойынша сөз сөйледі.
Отырысқа Орфографиялық жұмыс тобының құрамындағы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының, Назарбаев университеттің, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің және Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалымдарынан тұратын жұмыс тобының мүшелері қатысты.
Әліпбиді жетілдіру жұмыстарының барысы туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары, Орфографиялық жұмыс тобының мүшесі Ә.Қабаев негізгі баяндама жасады. Ол өз баяндамасында Министрлік тарапынан жаңа әліпбиді қабылдауға байланысты жұмыстардың мақсаты, нәтижесі жөнінде толық ақпарат берді. Сонымен бірге алда тұрған міндеттер жөнінде де баяндады.
Әліпбидің жетілдірілген нұсқасының жобасы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының және Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми кеңестерінде талқыланып, Орфографиялық жұмыс тобының қарауына ұсынылған. Отырыста осы жобалар жұмыс тобы мүшелері тарапынан кеңінен талқыланды. Ғалымдардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.
Күн тәртібінде, сондай-ақ, қазақ тілінің емле ережелері бойынша А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты А.Фазылжанова баяндама жасады.
Орфографиялық жұмыс тобы мүшелері кейбір әріптердің таңбалануы бойынша дауыс беріп, шешімді тағы да бір рет нақталап алды.
Әліпби жобаларының ІТ бағдарламаларға сәйкестігі бойынша Ұлттық комиссия жанындағы Сараптау техникалық тобының мүшесі, ІТ-маман Рымбек Ізғали баяндама жасады.
Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының мүшелері осы ғылыми жиында талқылап, қолдаған латын әліпбиінің жобасы Ұлттық комиссияға жіберілетін болып шешілді. Сонымен бірге емле ережелерін жұмыс тобы мүшелері тағы да пысықтап, аталған комиссияға ұсынатын болды.

 

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ТҮРКИЯ МЕМЛЕКЕТІНЕН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛІП ЖЕТТІ

Келесі жаңалық

СҮЙІНШІ СҰРАУ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі