Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

12 августа, 2020
in Білім, Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ  ЖАҢА  ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ  БАРЫСЫМЕН  ТАНЫСТЫ
0
SHARES
20
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласындағы мектептерде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Осыған сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов №24 С.Ерубаев атындағы мектеп-лицейіне барып, 2020-2021 оқу жылына дайындық жұмыстарының барысын пысықтады. Оқу сыныптарын аралап, БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді.
Қалада жаңа оқу жылы 742 білім беру мекемелерімен 320 мыңға жуық білім алушылармен басталғалы отыр.
Қала әкімінің айтуынша, биыл 13 мектеп (6 жаңа, 7 қосымша) және 2 өнер мектебінің құрылысы жүруде. Жыл соңына дейін 5 100 орындық 8 мектептің (4 жаңа, 4 қосымша)және 300 орындық 2 өнер мектебінің құрылысы пайдалануға беріледі. Ал, 5 мектептің құрылысы (2 жаңа, 3 қосымша) 2021 жылы аяқталады.
Нәтижесінде, апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 14-ке азаяды.
«Биыл 1-сыныпқа 24 мыңнан астам бала келеді деп жоспарлануда. Білім мекемелерінің жылыту жүйелерін жөндеу, қысымдау жұмыстары толық аяқталды. Жеке қазандықпен жылытылатын 25 мекемеге 4 793 тонна қатты және 190 тонна сұйық отын тасымалдануда. Қазіргі таңда ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, 15 мекемеге күрделі жөндеу жүргізілуде. 17 мектепке спорт алаңдары, 36 мектепке ішкі әжетханалар орнатылуда. Сондай-ақ, соңғы үлгідегі бейне бақылау камералары мен 30 мектепке турникеттер орнату үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр» — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Сонымен қатар, жаңа оқу жылында сатып алынатын 11-сынып оқулықтары мен қалған сыныптар үшін қосымша оқулықтардың 60%-ы тасымалданды. Жұмыстар толығымен 25 тамызға дейін аяқталатын болады.

Алдыңғы жаңалық

РЕТСІЗ САУДАМЕН АЙНАЛЫСҚАН АНАЛАРҒА БАЗАРДАН БОС ОРЫНДАР ҰСЫНЫЛДЫ

Келесі жаңалық

БИЫЛ 1-СЫНЫПҚА ҚАДАМ БАСАТЫН БАЛАЛАР САБАҚТЫ МЕКТЕПКЕ БАРЫП ОҚИДЫ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі