Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 48 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

12 августа, 2020
in Білім, Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 48 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
0
SHARES
25
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында 1 қыркүйектен бастап оқушылардың 92% қашықтан оқыту форматында білім алады. Бұл — өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығын сақтау мақсатында қолға алынып отырған шара.
Бұл туралы бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Өңірлік коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен брифингте мәлімдеді.
Өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып, облыстың Бас санитар дәрігері рұқсат берсе, балаp саны 180-нен аспайтын шалғайда орналасқан шағын-жинақы мектептерге дәстүрлі түрде оқуға рұқсат беріледі. Түркістан облысында мұндай шағын мектептер саны — 139, ондағы оқушы саны — 12 мыңнан асады. Осы орайда жергілікті аудан, қала әкімдері мен білім басқармасы бірлесіп, барлық тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауы қажет. Ең алдымен мектепте медициналық қызметкер күні бойы оқушыларды бақылауы қажет. Санитайзерлер орнатылып, әр партаға тек бір оқушыдан отыруы тиіс», деген облыс басшысы шалғай ауылдарға ғаламтор желісін тарту, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына компьютер беру, оқушыларды кітаппен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.
«Бүгінгі таңда аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан оқушылардың компьютерлік техникасы жоқ. Ол үшін Үкімет тарапынан 57 мыңнан астам компьютер әперу процесі жүруде. Аталған техникалық жабдықтар I тоқсанның аяғына дейін жеткізіледі.
Компьютерлік техника аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан білім алушыларға және ұстаздарға қашықтан оқыту кезінде пайдалану үшін уақытша берілетін болады», деп атап өтті. Ал облыстағы 838 елдімекеннің 707-де интернет және ұялы байланыс жүйелері бар, ал 131 елдімекенде интернет желісі жоқ. Бұл мәселені оңтайлы шешу бойынша Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ұялы операторлар «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесе отырып, 2 жылдық дамыту бағдарламасын даярлауда.
Сондай-ақ оқу жылына дайындық барысында облыстағы барлық білім мекемелеріне қажет оқулықтардың 100% қаржысы төленіп, тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылды. 25 тамызға дейін барлық оқушыларға қажетті оқулықтар жеткізілетін болады.
Бұдан бөлек, жыл соңына дейін 48 мектеп пайдалануға беріледі.

Алдыңғы жаңалық

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ БАСПАНАЛЫ БОЛҒАН ОТБАСЫН ҚҰТТЫҚТАП ҚАЙТТЫ

Келесі жаңалық

ШАРДАРА: АУДАНЫМЫЗ ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ БАУ-БАҚША ӨНІМДЕРІН ЭКСПОРТТАУДА АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРҒА ШЫҚТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі