Мен Мырзаханов Алладин Дінмуханбетович 1990 жылы 9 наурыз күні сол кездегі Киров ауданына қарасты «Жеңістің 40 жылдығы» елді мекенінде өмірге келдім. Мамандығым – заңгер. Отбасылы, 2 ұлым бар.
Жетісай топырағында өсіп-өнген мен үшін бұл өңірдің қолбайлау болып отырған өзекті мәселелері таңсық емес. Әрбір мәселенің байыппен тиімді шешілу жолдарын да мүмкіндігінше қарастырып жатырмын. Сайлауға түсіп, аудандық мәслихат депутаты болудағы негізгі мақсатым да осы ауданның өзекті мәселелерін шешу идеясынан келіп шықты. Айтылған сөзді іске асыру, бұқара мен билік ортасында алтын көпірге айналып, тығыз байланыс орнату – ауылдағы ағайынның мәселелерін дер кезінде шешудің алғышарттары деп білемін.
Қазақстанның гүлденіп-көркеюі жолында жасампаздықтың жарқын істерін жүзеге асыруды мақсат тұтып, кемел болашаққа нық қадам басу – біздің еліміздің азаматтары үшін әрдайым басты бағыт болған.
Осы мақсатты жолда болашағымызға бей-жай қарай алмайтынымызды көрсетіп, еліміздің бірлігін, ұйымшылдығын дәлелдейтін сындарлы сәт туды. Ол сын сағаты – парламент мәжілісінің, аудандандық және облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлау.
Бұл саяси додаға әлемдік деңгейде де бағыт-бағдары айқын және даму барысы дараланған биіктігімен бағалы болып отырған Елбасы Н.Ә.Назарбаев жетекшілік ететін «Nur Otan» партиясынан мен де түсіп, бағымды сынауға бел байладым.
Партия төрағасы, Елбасының саясатын қолдай отырып, аудан тұрғындарының өмір сапасын жақсартып, табысын арттыруға, ұлтына, діни нанымына, мүліктік жағдайына қарамастан барлық азаматтардың құқығының сақталуына, әрбір қазақстандықтың жеке табысқа жетуіне және өзінің әл-ауқатын көтеруіне, қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне лайықты жауап бере алатын ашықтық, үздік жаһандық жетістіктер мен озық технологиялардың қолданысқа кеңінен енуіне жаңа мүмкіндіктер туғызуды басты мақсатым санай отырып, мына мәселелерге басты назар аударамын.
— Ауылдарды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың іс жүзінде орындалуын;
— Аудан тұрғындарының негізгі күн көрісі – ауыл шаруашылығы саласы, оның ішінде, егістік жерлерді тиімді пайдалану, егістік жерлерді тиімді пайдалану, жердің мелиоративтік жағдайын жақсарту, тік дренаждардың қалыпты жұмыс жасауын қадағалау, тамшылатып суғару технологиясының дамуына атсалысу, тұрғындардың жыл бойы көкөніс өнімдеріне қажеттілігін қанағаттандыра отырып облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына орай бір жерден екі өнім алу мақсатында жылыжайлар көлемін ұлғайтуға, ауыл шаруашылығы науқандық дала жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде жүзеге асырылуын ұйымдастыруға, шаруаларды ағын сумен, минералды тыңайтқыштармен қамтуға;
— Шаруалардың мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер – субсидияларды уақытылы толықтай алуын ұйымдастыруға, мал бордақылау алаңшаларының санын арттыруға, азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетілуін үйлестіруге, жеңілдікпен берілетін несиелердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге;
— Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге;
— Аудандық маңызы бар жолдар мен ішкі көшелерге тас төсеу, асфальттау, тозығы жеткен ескі электр бағаналарының ауыстырылуына, ауылдардағы халық көп жүретін және мектеп, балабақша, медицина нысандарына баратын жол бойларына аяқжолдар салдыруға;
— Ауыл тұрғындарының аудан орталығымен қарым-қатынасын арттыру мақсатында қоғамдық көліктердің қатынауын реттеуге;
— Денсаулық сақтау, білім, мәдениет нысандарының тұрғындарға тиімді қызмет көрсетуін ұйымдастыруға;
— Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың, суицидтің алдын алу, балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында спорт нысандарының жұмысын жүйелеуге, спорттық сайыстар өткізуге;
— Тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдаулардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, ақпараттандыруға;
— Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында шешімін таппаған өзекті мәселелердің шешілуіне ұйытқы болуға;
— Жұмыссыз азаматтардың, солардың ішінде жас мамандардың жұмыспен қамтылуына, ардагерлер мен мүгедектердің, көпбалалы аналардың сауықтыру шараларымен қамтамасыз етілуіне, тұрғын үй-баспана мәселелерінің оңтайлы шешілуіне;
— Аудан орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы жүзеге асырылуына, құзырлы мекемелермен бірлесіп байланыс, интернет желілерінің сапасын арттыруға, мұнан да басқа сайлаушылардан келіп түскен ұсыныс-пікірлер мен арыз-шағымдардың оңтайлы шешілуіне бар күш-жігерімді жұмсайтын боламын.
Алдыма осындай мақсаттар мен міндеттерді қоя отырып партия қатарын шынайы халықшыл азаматтармен толықтыруға және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне тың серпіліс әкелетін жаңа көзқарасты саясаткерлердің пайда болуына толық мүмкіндік туғызып отырған праймеризге қатысып, бағымды сынамаққа бел будым. Сол арқылы өзгермелі ахуал жағдайында жаңа саяси мәдениеттің пішіндері мен іргетасының қалыптасуына өз септігімді тигізсем деймін.