Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ

7 октября, 2020
in Жаңалықтар, Қоғам
0
КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ
0
SHARES
99
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай ауданының прокуроры Нұрғали Асқанбековтың бастамасымен өткен тұрғындармен кездесу барысында шаруалар тарапынан жыл сайын мақта өніміне берілетін субсидияны алу кезінде проблемалар туындайтыны айтылып, оның оңды шешілуіне ықпал ету туралы өтініш жасалған болатын.
Аталмыш мәселелерге байланысты жүргізілген зерделеу жұмыстары кезінде шаруалар мақтаны трейдерлерге өткізілгені анықталды. Ал, ҚР АШМ-нің 27.02.2015ж. №4-3/177 бұйрығымен бекітілген Қағиданың талаптарына сәйкес шаруалар субсидия алу үшін мақта өнімін мақта өңдеу зауытына тапсырып, электрондық шот-фактура алуы тиіс.
Бұдан бөлек, «qoldau.kz» порталындағы «subsidies» база жүйесі субсидиялау туралы өтінімдерін қабылдамаған.
Қағида талаптары бойынша субсидиялау туралы өтінім шаруа қожалықтың атынан берілуі тиіс. Ал, іс жүзінде субсидиялау туралы өтінім шаруа қожалық төрағасының, яғни, жеке тұлғаның атынан берілген.
Аталмыш мәселелерге байланысты «qoldau.kz» порталын жетілдіру, Қағидаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасына ұсыну енгізілді (27.09.2019ж. №2-12-19-02882).
Осы ұсынудың негізінде шаруалардың мәселесі облыстық және республикалық деңгейде қаралып, ҚР АШМ-нің 27.02.2015ж. №4-3/177 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, кәсіпкерлер субсидия алуға қол жеткізді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде мақта өнімінің 557 731 982 теңге субсидиясын ала алмай жүрген 2 274 кәсіпкерлік субъектінің өтінімі қанағаттандырылып, олардың құқықтары қорғалды.

Алдыңғы жаңалық

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Келесі жаңалық

МЕРЕКЕДЕ МҰҒАЛІМДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі