Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ЕҢБЕГІ ЕСЕЛІ ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

8 октября, 2020
in Білім, Жаңалықтар
0
ЕҢБЕГІ ЕСЕЛІ ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
0
SHARES
112
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені, мұғалім – мектептің жүрегі».
Ыбырай Алтынсарин

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді, абзал жан. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан мен мал бағып, терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де – бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан болса керек ықылым заманнан бері бүкіл адамзат баласы ұлағатты ұстаздың алдында басын иіп, қашан да сый-құрмет көрсетіп келеді.
Міне, бүгін сондай сый-құрметтердің бірі Жетісай ауданының ұстаздарына көрсетілді. Аудандық білім бөлімінің басшысы Мырзалиев Тұрсынбай Әзіретұлы, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ниязбеков Асқар Топбасыұлы және аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Исаева Разия Орынбасарқызы аудан мектептерінде еселі еңбегімен елдің құрметіне бөленіп, шәкірттері түрлі деңгейдегі байқауларда топ жарып жүрген ұлағатты ұстаздарды қабылдады.
«Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз бен ізденістеріңіздің, шәкірттеріңізге деген мейірімдеріңіз бен өз істеріңізге деген махаббаттарыңыздың нәтижесінде оқушыларыңыз үлкен нәтижелерге қол жеткізіп, ауданымыздың абыройын асқақтатып отыр. Ұстаз еңбегінің жемісі шәкірттерінің жеңісімен өлшенетінін ескерсек ешбіріңіздің төккен терлеріңіз зая кетіп жатқан жоқ. Сол үшін де сіздерге айтар алғысымыз шексіз» деді аудандық білім бөлімінің басшысы Тұрсынбай Әзіретұлы.
Шәкірт тәрбиелеуде өзіндік орыны бар «Ақ шағала» Республикалық хореографиялық өнер фестивалінде І орын иеленген №20 «Т.Рысқұлов» жалпы орта мектебінің «Шаттық» би ұжымының жетекшісі Ақылов Кенжехан Сапарханұлы, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалінің иегері №9 «Д.Қонаев» атындағы IT лицейінің биология пәнінің мұғалімі Молдабекова Жәудір Аманжолқызы, облыстың «Үздік сынып жетекшісі – 2020» арнайы дипломы мен қаржылай сыйлығының иегері «Қайнар» мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Исмаилов Рашит Қуанышбайұлы мен «IQanat» республикалық пән олимпиадасында математика пәнінен І орын иеленген №19 «Амангелді» жалпы орта мектебінің оқушысы Сабина Үсеннің жетекшісі, математика пәнінің мұғалімі Байдахов Бақытжан Қанайұлына облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының, аудандық білім бөлімінің, кәсіподақ комитеті төрағасының алғыс хаттары табыс етілді.
Шара соңында аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Асқар Ниязбеков еңбектері еленген мұғалімдерге алғысын білдіріп, жауапкершілігі жоғары кәсіптеріне толағай табыстар тіледі.

Алдыңғы жаңалық

МЕРЕКЕДЕ МҰҒАЛІМДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Келесі жаңалық

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ МЕН АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРА ЕСКЕРТЕДІ !!!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі